16
сентябрь
2020
Адам денсаулығына зиянды тағамдар:
Адам денсаулығына зиянды тағамдар:
- пастерленбеген сүт термиялық өңделмеген сүзбе және қаймақ;
- суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен еті;
- ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүті және сүт өнімдері;
- тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдері;
- механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың еті және құс еті;
- құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізат;
- сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдері;
- генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шикізаттар;
- йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұны.