25
May
2022
25 мамыр күні «Жаңа Қазақстанның ертеңі!» салтанатты жиыны өткізілді.
Аудандық білім бөлімінің бұйрығы негізінде , №3 ЖОББМ-нің директорының бұйрығы шығарылып, іс – шаралар жоспары жасалынды. Жоспарға сай, мамырдың 25 күні №3 ЖОББМ-де мектеп бітіруші түлектердің құрметіне «Жаңа Қазақстанның ертеңі!» салтанатты жиыны өткізілді.
«Жаңа Қазақстанның ертеңі!» салтанатты жиыны мектеп ауласында өткізілді. Мектеп ауласы шарлармен, плакаттармен, жалаушалармен, гүл шоқтарымен безендірілген. Сондай- ақ «Жаңа Қазақстанның ертеңі!» салтанатты жиынына арнайы сценарий құрылып, сценарий арқылы жүргізілді. Салтанатты жиынды жүргізуші И.Даниярова мектеп түлектерін ортаға шақырумен бастады. Оқушылар салтанатты жиынға сапталып болған соң, АӘД жетекшісі М.Саховтың бұйрығымен оқушылар Мемлекеттік ту мен әнұранға сап түзеді. Жиын «Соффи» би тобының «Шашу» биімен ашылды. Жүргізуші жиынға шақырылған қонақтармен таныстыра отырып, АББ әдіскері Егембердиева Майра Каналбекқызына құтықтау сөз кезегі және де №3 ЖОББМ директоры Темирбекова Альбина Нұрланқызына 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша марапаттау рәсіміне кезек берілді. Мектеп директоры ұстаздарды оқу жылының қорытындысы бойынша марапаттап шықты. Ұстаздардың марапаттарының құрметіне «Ай Да Ми» тобының «Мың алғыс ұстазға» әніне ұласты. Ортаға мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздарына және сынып жетекшісіне құтықтау сөз кезегі берілді. Ұстаздарының құрметіне 11 сынып түлектері де өз ән жырларын арнап, қоштасу вальсы тарту етілді. Ізін басар сыныпқа білім кілтін тапсыру рәсімі “Best аттестат” үміткері Мырзахан Меруертке берілді.
Сонымен қатар, бүгінгі мерекенің арнайы қонақтары, №3 ЖОББМ-нің 1982 -2002 жылғы 20-40 жылдық түлектеріне сөз кезегі берілді. Өздерін сара жолға салған алғашқы ұстаздары мен сынып жетекшілерімен қауышып, алғыстарын жаудырды. Жиын соңында , 2021-2022 оқу жылының соңғы қоңырауын соғу рәсімі 1 және 11 сыныптың оқушыларына берілді. Қоңырау соғылып , мектеп түлектерінің от шашулары шашылып, топ шарлары көк жүзіне қалықтап ұшырылды. «Жаңа Қазақстанның ертеңі!» салтанатты жиыны жоспарға сай, өз дәрежесінде өткізілді.