Хабарландыру » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 5-47-94
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Хабарландыру
04
January
2023

Хабарландыру

Хабарландыру !


       Жамбыл облысы  әкімдігінің білім басқармасы    Меркі  ауданының  

білім   бөлімінің  «№3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі  Меркі ауданы,  Андас батыр ауылдық округі , Қызыл қыстақ ауылы,  Қарпық батыр the outside №36 мекен жайда орналасқан почта индексі 080518 телефон  5-47-94.  электронды адрес skool3merke@yandex.kzшағын орталық  тәрбиешісі лауазымына уақытша  бос орнына ашық конкурс жариялайды.  

Лауазымдық міндеттері: Тәрбиеленушілердің отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.
       Тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.
       Медицина қызметкерлермен тәрбиеленушілердің
 денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық  жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың оқу беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Ата-аналарымен және басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады.
       Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді. 

       Білуге міндетті : Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы " Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын.