«Мейірімді жүрек-жылы тілек» қайырымдылық акциясының өтілгендігі туралы ақпарат » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 5-47-94
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Мейірімді жүрек-жылы тілек» қайырымдылық акциясының өтілгендігі туралы ақпарат
20
февраль
2023

«Мейірімді жүрек-жылы тілек» қайырымдылық акциясының өтілгендігі туралы ақпарат

«Мейірімді жүрек-жылы тілек» қайырымдылық акциясының өтілгендігі туралы ақпарат

№3 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 14-20 ақпан аралығында  Алғыс айту мерекесі аясында, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдауға бағыттап «Мейірімді жүрек-жылы тілек» тақырыбында қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: күн көрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы төмен, қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік көмекке мұқтаж өзге де санаттағы анықталған отбасыларға көмек пен қолдау көрсету. Осы акция аясында мектеп әкімшілігінің тарапынан аз қамтылған, көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан білім алушылардың отбастарын аралап, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларын азық түлікпен қамтамасыз етті. Мейірімділік адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі болып табылады.  Осы асыл қасиет біздің мектеп ұжымының бойынан табылғандығына ата-аналар дән ризашылықтарын  білдіріп,   алғыстарын айтты. Қайырымдылық жасау – әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы!


Анықтаманы дайындаған Әлеуметтік педагог А.Т.Алшабаева