Information » Страница 7 » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 5-47-94
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
28.0.4.2022 ж "PISA-2022" халықаралық зерттеуі өткелі жатыр
28
April
2022
28.0.4.2022 ж "PISA-2022" халықаралық зерттеуі өткелі жатыр
Бүгін 28.04.2022ж №3ЖОББМ -де "PISA-2022" халықаралық зерттеуі өткелі жатыр. Мектебімізге, оқушыларымызға Сәттілік тілейміз!!!
"Cotton girl and cat" ертегісінің қойылымы 2 Б сыныбымен  өтті.
27
April
2022
"Cotton girl and cat" ертегісінің қойылымы 2 Б сыныбымен өтті.
№3ЖОББМ-де ағылшын тілі пәнінің мұғалімі С.Ерназарованың ұйымдастыруымен 2Б сыныбымен "Cotton girl and cat" ертегісінің қойылымы өтті. Қойылым өте қызықты, жоғары деңгейде өтті. Балалар белсене ат салысты.
"Жаңылтпаштар әлемінде", "Vocabulary blits tournament!" іс-шаралары өтті
26
April
2022
"Жаңылтпаштар әлемінде", "Vocabulary blits tournament!" іс-шаралары
№3ЖОББМ-де ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Vocabulary blits tournament!" іс-шарасы өтті, сонымен қатар орыс тілі және әдебиеті  пән мұғалімдерінің ұымдастыруымен "Жаңылтпаштар әлемінде" тақырыбында байқауы ұйымдастырылды. Activity өте қызықты деңгейде өтті.
2 сыныптар арасында " Елім деп соғар жүрегім "атты мәнерлеп оқу байқауы өтті
26
April
2022
2 сыныптар арасында " Елім деп соғар жүрегім "атты мәнерлеп оқу
Бастауыш сыныптар арасындағы он күндіктің ашылуында 2- сыныптар арасында мәнерлеп оқудан көркем сөз оқу " Елім деп соғар жүрегім " атты іс- шара өтті.Ұйымдастырушылар: 2Б сынып жетекшісі Бекбатырова Ә және 2А сынып жетекшісі Абдиманова З.
🔰PISA халықаралық зерттеуіне дайындық қызу жүріп жатыр
21
April
2022
🔰PISA халықаралық зерттеуіне дайындық қызу жүріп жатыр
 PISA – халықаралық зерттеуіне  білім беру ұйымдарындағы 15 жастағы оқушылардың математика, жаратылыстану және оқу сауаттылығынан мәтінді түсіну, пайдалану, бағалау, тұжырымдау және олармен жұмыс жасай білу қабілеттілігі. Мектеп PISA – халықаралық зерттеуіне қызу дайындық үстінде.  
"Білім басы бастауышта қаланар,білімменен әлемге жол салынар"атты онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
21
April
2022
"Білім басы бастауышта қаланар,білімменен әлемге жол салынар"атты
21.04.2022ж күні бастауыш пән бірлестігінің "Білім басы бастауышта қаланар,білімменен әлемге жол салынар"атты онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.  Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімі мен шығармашылық қабілетін арттырып, ақыл,ой-өрісін жан- жақты дамыту,дүниетанымы кеңейту.Болашаққа өз үлесін қоса білетін,ізденімпаз,ойшыл,жауапкершілігі  мол тұлға тәрбиелеу.
"Орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі" бірлестігінің онкүндігі басталды
20
April
2022
"Орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі" бірлестігінің онкүндігі
Мектебімізде "Орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі" бірлестігінің онкүндігі басталды. Мектеп дәлізі талапқа сай безендірілді.  Ашылу салтанаты өте жоғарғы деңгейде өтті. Оқушылар 2 тілде тақпақтарын, әндерін айтып ат салысты. 
"Келешектің тұтқасы білімді ұрпақтың қолында" тақырыбында мектебіміздің ардагер және зейнеткер ұстаздарымен кездесу өткізілді
20
April
2022
"Келешектің тұтқасы білімді ұрпақтың қолында" тақырыбында
8-11 сыныптар аясында "Келешектің тұтқасы білімді ұрпақтың қолында" тақырыбында мектебіміздің ардагер және зейнеткер ұстаздарымен кездесу өткізілді.Кездесуге зейнеткер ұстаздарымыз Мөңкебаева Лаззат Құралбекқызы мен Абдыллаева Тоты Мажитқызы шақырылды.Ардақты да аяулы ұстаздарымыз  еңбек жолдарының қызығы мен қиындықтарын  бөлісе отырып,оқушылардың мамандық таңдаудан қателеспеу керектігіне көңіл бөлді.Оқушылар ұстаздардан  сұрақ жауап алып,құттықтау сөздері мен тілектерін аямады
Мектебімізде  ҰОС Жеңістің 77 жылдығына  және ҚР Қарулы күштерінің  30 жылдығына арналған сурет байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
20
April
2022
Мектебімізде ҰОС Жеңістің 77 жылдығына және ҚР Қарулы күштерінің
"Патриот"айлығының бекітілген жоспарына сәйкес, мектебімізде  ҰОС Жеңістің 77 жылдығына  және ҚР Қарулы күштерінің  30 жылдығына арналған сурет байқауы ұйымдастырылып өткізілді.  Мақсаты: Оқушыларды Отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.Төл тарихымыз бен қаһарман батырларымызды үлгі тұтуға баулу.
"Балалар еліміздің ертеңі" тақырыбымен 5-7 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді.
18
April
2022
"Балалар еліміздің ертеңі" тақырыбымен 5-7 сынып оқушылары арасында
№3ЖОББМ- де "Балалар еліміздің ертеңі" тақырыбымен 5-7 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Андас батыр ауылдық округінің әкімі Қожамберді Думан Мақсұтұлы және Андас батыр ауылдық округінің әкімінің орынбасары Набиев Ербол Ермекбайұлы шақырылды. Оқушылар ауылымыздың атқа мінер азаматтарының қызмет орны мен өмір жолдары туралы, отбасы туралы, алға қойған мақсаттары мен жоспарлары туралы сұрақтарын ортаға салып , өз жауаптарын алды. Қонақтарға арнайы өлең жолдарын