12
февраль
2024
"Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу"айлығы
"Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу"айлығы барысында №3 жалпы орта білім беретін мектебінде "Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру жолдары"аясында Меркі АПБ ӘПБ бастығы Б.Р.Байтемиров,Меркі АПБ ЖПҚб полиция аға лейтенанты Н.Э.Асанов және мектеп инспекторы Б.Дәуренбеков,ДҚТЖО Г.Тойгулиева 9-10-11 сынып білім алушыларымен дискуссиялық алаң ұйымдастырып,оқушылар арасында ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылықтардың алдын алу, әлімжеттік жасау, топтық бұзақылықтардың алдын алу бойынша,ұсақ бұзақылық, ұрлық, қорқытып алу секілді қылмыс түрлеріне қолданылатын жазалау шаралары жеткізіліп, заңсыз әрекеттерді жасағаны үшін туындайтын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік салдары түсіндірілді. Жасөспірімдер арасында болып жатқан қылмыстардың көбейіп кеткендігі және қылмыстық жауапкершілік туралы, кибербуллинг, буллинг, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің түбі, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндірме мәліметтер айтып өтті. Schoolchildren күндіз және түнде бей берекет жүріске жол бермеу, керектігін ескертті және білім алушыларға жолды кесіп өту кезіндегі қауіпсіздік, жол қозғалыс ережелерін, көшеде өздерін дұрыс ұстау, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі шаралары бойынша ақпараттандыру жұмысы жүргізілді.
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2024-02/1707790719_whatsapp-image-2024-02-12-at-15_06_42.jpeg)