4"А" сыныбында "Қош бол, бастауыш" ертеңгілігі өтті. » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 5-47-94
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » 4"А" сыныбында "Қош бол, бастауыш" ертеңгілігі өтті.
13
May
2022

4"А" сыныбында "Қош бол, бастауыш" ертеңгілігі өтті.

N3 жалпы орта білім беретін мектебінде 4"А" сыныбында "Қош бол, бастауыш" ертеңгілігі өтті. Бұл ертеңгіліктің  мақсаты:Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. Бастауыш білім беру сатысымен, ең алғаш қолына қалам ұстатқан ұстазымен қоштаса отырып, ұстаздарына құрметтеді мен білімге деген құштарлықтарын өнегелі тәрбиелерін өнерлері арқылы жеткізу.
 Ертеңгілікте оқушылар  негізгі пәндер бойынша білімдерін көрсетіп өтті. Яғни, мұғалім тарапынан қойылған сұрақтар мен тапсырмаларды орындады. Отан, туған жер, оқу- білім, ұстаз туралы өлеңдерді жатқа  мәнерлеп айтты. Жек орындауда Ғалым Нұрайдың қазақша  биі, Асқар Валиханның "Жеті қазына" әні өте жоғары деңгейде болды. Сыныптағы ұлдар тобы мен қыздар тобының заманауи  билері -флешмобтары да өте тартымды орындалды. Сыныптың алғашқы ұстазы Оналбаева Сауле Сайлауқызы мен шәкірттерінің орындауындағы қоштасу вальсі көрермендер мен ата-аналардың ерекше ықыласына бөленді. Ертеңгілік соңында  сыныптың үздік оқушылары Берікбай Аяла мен Нүсіпжан Әділет сыныптың атынан Жаңа Қазақстанның болашағы мен өркендеуі үшін білімді, тәртіпті ұл-қыздары болып өсеміз деген мағынада ант берді. Сондай-ақ. Асқар Валиханның орындауында "Мен қазақпын" әні орындалды. Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі  өте жоғары деңгейде  өтті.