13
November
2023
"Мамандық таңдау -маңызды іс" тақырыбында кездесу өткізілді
№3 ЖОББМ-де оқушыларға кәсіптік бағдар беру, оларды кәсіптер әлемімен таныстыру, мамандық таңдауда көмек көрсету мақсатында 13 қарашада 8 сынып оқушыларымен "Мамандық таңдау -маңызды іс" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге ауылымызың кәсіпкерлері Абирова Гүлжан Күздебайқызы (сүт өнімдерін әзірлеу), Орынбекова Жанат (жеке дүкен ) апайлар шақырылды. Кездесу барысында кәсіпкер апайлар өз кәсіптері туралы, олардың табысқа жету жолдары туралы ой бөлісті. Оқушылар өздерін қызықтырған мәселелер төңірегінде сұрақтар қойды. Сондай -ақ , келген қонақтармен бірлескен түрде қазіргі уақыттағы ең көп жаласысы бар мамандықтар туралы пікір алмасып, әлеуметтік желіден бейне роликпен бөлісті.
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2023-11/1699941238_whatsapp-image-2023-11-13-at-14_31_15.jpeg)