12
December
2018
Оқушы жетістігі
Жарайсың Балым!
Желтоқсанның 6-ы күні Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «ІІІ Ш.Мұртаза оқулары» байқауы өткізілді. Кесек тұлға,кенен дарын Ш.Мұртаза шығармашылығына арналған,Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізілген облыстық байқауда 11 сынып оқушысы Бимұрат Балым жазушы шығармашылығын ғылыми тұрғыда жан-жақты талдап, теориялық тұжырымдар дәйектеуде дараланғаны үшін І орын дипломымен марапатталды. Ол-озық ойлы білімдар адамдар заманының дамуына өз үлесін қосты. Бүгінгі күнде айрықша жетістіктерімен ерекшеленетін және іс әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын оқушы ретінде ТИГУ-дың ұйымдастырған байқауында 25 пайыздық оқу төлемақысына жеңілдік сертификатын да тағы жеңіп алып, алға топ жарды.Байқауда өскелең ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық руханияттың жанашыры ретінде ерекше белсенділік көрсеткені үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әрі жетекшісі Усенбаева Жұлдыз Беделбайқызы да Алғыс Хатпен марапатталды. Жеңімпаз жеткіншектерді дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ жеңімпаз дарынды оқушылардың жетістіктері облыстық басылым «Ақ жол» газетіне жарияланып,көпшіліктің назарын аударды.
![Оқушы жетістігі](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2018-12/1544596854_risunok4.png)
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2018-12/1544596878_risunok6.png)
![](http://3-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2018-12/1544596907_risunok7.png)