Бүгінгі күн ас мәзірі » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 5-47-94
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Бүгінгі күн ас мәзірі
19
April
2022

Бүгінгі күн ас мәзірі

Күн сайын ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырып отырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алады және +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынаманы келесі күні немесе демалыстан кейінгі күні (демалыс күндерінің санына қарамастан) дайындалған тағаммен ауыстырғанға дейін кемінде қырық сегіз сағат сақтайды. Ас блогтарына санитариялық қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын нормалау құжаттарының талаптары қолданылған. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді.