«Инабатты Ару-2019» » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
" №3 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Инабатты Ару-2019»
15
март
2019

«Инабатты Ару-2019»

«Инабатты Ару-2019»

Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Инабатты Ару – 2019» байқауына қош келдіңіздер!.
Байқаудың мақсаты : Ұлттық құндылықтарымызды оқушылар арасында кеңінен насихаттай отырып,Қазақ халқының ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан даналығы мен терең саналығын бойына дарытқан қазақ қыздарының табиғат берген көркемділік-әдемілігі мен сұлулығын паш ету
Байқаудың өткізілу тәртібі:
1 кезең: «Таныстыру» «Мен қазақтың қызымын» қатысушы өз сөзімен,өлеңмен,жыр шумақтармен өзін таныстырады.
2 кезең: «Бес аспап» , «Дәмді және тез» өз қолымен сахнада көкеністерден салат жасау жолдарын көрсетеді.
3 кезең «Зерделінің ойы озық», салт дәстүр сұрақтарына жауап беру . Оның ішінде қыздар жайлы. Толық нақты жауап беру керек.Әр қатысушыға 2 сұрақтан қойылады.
4.кезең «Өнер» ,бұл кезеңде мақал –мәтел сайысы жарыс түрінде қатысушы 10 мақалдан айтып мәтінін қысқаша түсіндіріп өтеді.
5. Кезең «Көркем сөз,монолог » нақышына келтіріп оқу керек.
«Инабатты Ару-2019»

«Инабатты Ару-2019»

Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым – қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын» - дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. Қыздарымыз ата-бабаларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі де ибалы боп өссе дейміз.
«Инабатты Ару-2019»