Хабарландыру
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының
білім бөлімінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық округі , Қызыл қыстақ ауылы, Қарпық батыр көшесі №36 мекен жайда орналасқан почта индексі 080518 телефон 5-47-94. электронды адрес skool3merke@yandex.kzшағын орталық тәрбиешісі лауазымына уақытша бос орнына ашық конкурс жариялайды.
Лауазымдық міндеттері: Тәрбиеленушілердің отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.
Тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.
Медицина қызметкерлермен тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың оқу беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Ата-аналарымен және басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады.
Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді.
Білуге міндетті : Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы " Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын.