Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Жүрек жылуы» атты вокалистер байқауына

Автор: admin от 15-03-2019, 04:44, посмотрело: 201

11 «Жүрек жылуы» атты вокалистер байқауына

Аудан көлемінде «Үміт» балалар мен жасөспірімдер сарайында өткізілген «Жүрек жылуы» атты вокалистер байқауына 5«А» сынып оқушысы Н. Тұрлыхан қатысып, ІІІ-ші орын иегері атанып, дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар «Алтын қолдар»сәндік-қолданбалы өнер байқауына төмендегі оқушылар қатысып, жүлделі орындарға иеленді.
[center]«Жүрек жылуы» атты вокалистер байқауына [/center
«Қазақстан-менің алтын бесігім»-суреттер байқауынан 10«А»сынып оқушысы З.Асимбекова ІІ-ші орын иегері атанып дипломмен марапатталды.

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

26ақпан күні «Дәстүр-халқымыздың рухани өзегі», «Қол өнер-тәрбие көзі»

Автор: admin от 15-03-2019, 04:40, посмотрело: 363

53 «Дәстүр-халқымыздың рухани өзегі», «Қол өнер-тәрбие көзі»

26ақпан күні «Дәстүр-халқымыздың рухани өзегі», «Қол өнер-тәрбие көзі»тақырыптарында 11сынып оқушыларының жұмыстары жоғары бағаланып, шығарма байқауында Жарылқасын Ғазиза І-ші орын, Қазмұрат Мөлдір ІІ-ші жүлделі орындарға иеленді.Мұғалімі қазақ тіл пәнінің мұғалімі Ж.Үсенбаева.Сондай-ақ мұғалімі Л.Қ.Мүнкебаева оқушысы ІІІ-і орын иегері болып марапатталды
26ақпан күні «Дәстүр-халқымыздың рухани өзегі», «Қол өнер-тәрбие көзі»
26ақпан күні «Дәстүр-халқымыздың рухани өзегі», «Қол өнер-тәрбие көзі»

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

28-ші ақпан күні «Сегодня-Деньблагодарности!»,«Мен алғыс айтамын»

Автор: admin от 15-03-2019, 04:35, посмотрело: 191

8 28-ші ақпан күні «Сегодня-Деньблагодарности!»,«Мен алғыс айтамын»
Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагері Х.Қабылбековпен кездесу дөңгелек үстелін А.Е.Мырсейтов төмендегідей ұйымдастырып, оқушылар Ауған соғысынығ ардагеріне алғысын білдірді.
28-ші ақпан күні «Сегодня-Деньблагодарности!»,«Мен алғыс айтамын»

28-ші ақпан күні «Сегодня-Деньблагодарности!»,«Мен алғыс айтамын»

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы атқарылған іс-шаралар

Автор: admin от 15-03-2019, 04:27, посмотрело: 279

12 Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы атқарылған іс-шаралар
Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №3жббм коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №12 бұйрығына сәйкес 04.02.2019ж.Балаларды толеранттылыққа тәрбиелеу және әр түрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерделеу арқылы рухани адамгершілігін дамыту;
Жалпы тарих,қазақтардың және барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғысының, қайырымдылық, достық пен махаббаттың негізінде көпұлтты қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.Балаларды толеранттылыққа тәрбиелеу және әр түрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерделеу арқылы рухани адамгершілігін дамыту мақсатында төмендегідей іс-шаралар жоспары жасалынып,мектеп директорымен бекітілді.
25.01-01.03 аралығында мектебіміздің әлеуметтік педагогы А.Алшабаева мен мектеп психологі Р. Қосуақованың ұйымдастыруымен ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балалары қолдауға бағытталған «Мейірімді жүрек-жылы тілек »атты қайырымдылық акцияны өз деңгейінде өткізді.Атап айтсам,Акцияның негізгі мақсаты-тұрмысы төмен отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсету, киім-кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз ету,әлеуметтік себептермен сабаққа қатыспай жүрген оқушыларды анықтау,қол ұшын беру. Оқу жылы басында зерттеу сараптамасы кезінде мектебімізде көп балалы отбасынан-39, аз қамтылған отбасынан -21, жартылай жетім отбасынан -18, үйден оқытылатын-4 бала анықталған. Акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылды. Ауылдағы кәсіпкерлерге үндеу хаттар таратылды. Құрылған жоспар бойынша аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз және жетім, жартылай жетім отбасыларының үйлерін аралап, қажеттіліктері анықталды.«Мейірімді жүрек-жылы тілек» атты акция барысында мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын оқушыларға және аз қамтылған, жартылай жетім отбасы балаларына және олардың ата-аналарына «Қамқорлық» акциясының қамқорлығына бөленген оқушылардың ата-аналары бірге келіп ,балаларымен концертті бірге тамашалап, ризашылықтарын білдірді.
Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы  атқарылған  іс-шаралар

Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы  атқарылған  іс-шаралар
Акция аясында мектеп психологы Р.Қосуақова аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды татулыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында «Біз бақытты баламыз» атты тренинг өткізді.
Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы  атқарылған  іс-шараларАлғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы  атқарылған  іс-шаралар
Жоспарға сай «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» тақырыбында асар ұйымдастырылды. Асар – көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Қазақтар шөп шабу, егін жинау науқандарына, сондай-ақ үй салу сияқты ауыр жұмысқа Асар жасаған. Асар халықтың қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады.Сол сияқты ауылмызда жалғыз басты қарттардың үйлерін аралап, көмек қолын создық.Осы акциядан түскен қаражатқа аз қамтылған, көпбалалы, жартылай жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке қажетті құралдары алынып берілді. Сонымен қатар шұғыл көмекті қажет ететін отбасы балаларына көмек көрсетілді «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей жақсылық жасап, болашағымыз оқушылардың жанын жадыратуға себепші болған ұстаздарға, кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз. Осындай жақсы істер мектебімізде әлі де жалғасын таба береді. Үлкен жүректі, мейірімді жандарға айтар алғысымыз шексіз



Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

«Ардақтайық ананы! »

Автор: admin от 15-03-2019, 03:38, посмотрело: 233

0 «Ардақтайық ананы! »
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, анаға деген сүйспеншілігін , махаббатын, жан-жылуын, мейрімін арттыру.
№3 жалпы білім беретін мектебінің жанынан ашылған шағын орталықта 7 наурыз 2019 ж күні «Ардақтайық ананы! » тақырыбында ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілікке ата-аналар және екі топ 40 тәрбиеленушілері, үш тәрбиеші қатысты. Ертеңгілікті шағын орталық әдіскері Таурбекова Шугыла Тыныштықбековна ашты.
«Ардақтайық ананы! »

Тәрбиеленушілердің орындауында Хор «Нұрын төккен маған».
«Ардақтайық ананы! »

Аналарға арналған балалардың тақпақтары.
«Ардақтайық ананы! »

Сүйкімді қыздарымызды құттықтап «Қыз бала гүл» әнін Серік Асылжанның орындауында .
«Ардақтайық ананы! »

Топтың орындауында «Анамызға » әні
«Ардақтайық ананы! »

Кіші топтың биі «Кукарелло»
«Ардақтайық ананы! »

Тобымыздағы Ерке қыздарымыз орындауында «Ерке қыз» әні
«Ардақтайық ананы! »

Тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің биі «Көңілді күн»
«Ардақтайық ананы! »

«Жүректен-жүрекке» әдісі арқылы балалардың ата- аналарға тілек тартуы .
«Ардақтайық ананы! »

Кеңесбек Әдемінің орындауына «Ертегілер» әні
«Ардақтайық ананы! »

Ертеңгілік соңында ата –аналарға сөз беріліп , ата-аналар мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
«Ардақтайық ананы! »


Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

« 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне» орай өткізілген іс-шаралар

Автор: admin от 14-03-2019, 23:55, посмотрело: 509

0
« 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне» орай өткізілген іс-шаралар 
Мектебімізде 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған іс-шараның жоспары құрылып мектеп директорымен бекітілді. Іс-шараның мақсаты: Анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,үлкенге ізет,кішіге үлгі бола білуге үйрету,оқушы бойында ізгілік,инабаттылық,биязылық сыяқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
4.03 күні 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттар өткізілді.Атап айтсақ 2 «Б» сынып жетекшісі Г.Тілеубаеваның ұйымдастыруымен «Ана өмірдің шырағы» атты ертеңгілік өтті.

« 8 наурыз  -Халықаралық әйелдер күніне» орай өткізілген іс-шаралар

5.03 күні 5 «А,Ә,Б» сыныптар аралығында «Инабатты Қыз» атты байқау өткізілді.
« 8 наурыз  -Халықаралық әйелдер күніне» орай өткізілген іс-шаралар

Мектеп кітапханашысы Т.Рақұлованың ұйымдастыруымен « Анаға тағзым!» кітап көрме бұрышын жасады.
« 8 наурыз  -Халықаралық әйелдер күніне» орай өткізілген іс-шаралар

Бастауыш сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Аяулы әже, Ардақты ана, аяулы ару» тақырыбанда концерттік бағдарлама өткізілді.
6 .03 күні «Анама сыйлық» «Анашыма мың рахмет!» атты сурет байқауын сурет пәні мүғалімі А.Алишаеваның жетекшілігімен өткізілді.

« 8 наурыз  -Халықаралық әйелдер күніне» орай өткізілген іс-шаралар

 
 
 








Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Театрдың ғажайып әлемі

Автор: admin от 6-03-2019, 04:08, посмотрело: 222

3

«Театрдың ғажайып әлемі»

В рамках Программы «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» 15 февраля 2019 года в Меркенском районном Дворце молодёжи «Уміт сарайы» был проведен конкурс «Театрдың ғажайып әлемі», где приняли участие 16 школ нашего района. Ученики 6 «б» класса нашей школы заняли II – ое призовое место:  это Алпысбай Бекзат, Кабылбекова Мадина, Садык Анеля, Аскербек Инжу, Трибосын Арсен, Абдикерим Алибек, Абдрахман Назерке, Айнакул Нурдаулет (руководитель Саурыкова Ш. У.)
      Дети почувствовали себя настоящими актёрами, участвуя в постановке литературно – музыкального представления «Баллада о матери», посвящённой Матерям солдат, не вернувшихся с войны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

Автор: admin от 1-03-2019, 23:19, посмотрело: 291

0 № 3 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологі ақпан айында өткен «Ақпан айы жалпы білім ұйымдарында психологиялық кеңес беру» айлығының Анықтамасы.
Ақпан айында «Психологиялық- кеңес беру» жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сай өз уақытында жұмыстар орындалып, өткізілді.
 
Қорытынды:
«Ақпан айы- жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру айлығы» бұйрық шығарылып, жоспары да құрылды. Жоспарға сай мектеп психологі , сынып жетекшілер және пән мұғалімдерімен әлеуметтік педагог, тәлімгер өздеріне бекітілген іс-шараны толықтай орындап шықты.
Кеңес беру айлығы 3- 11 сыныптар аралығында флешмоб ұйымдастырылды.
кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

Мектепте ерекше күту жағдайын талап ететін девиантты , агрессиялы, аутодеструктивті мінез-құлықты қажет ететін балаларды анықтау мақсатында «Айзенк темпераментті анықтау» сауалнамасы алынып, нәтижесінде оқушылардың мінез-құлықтарының қалыпты екендігі көрсетілді.
кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

Сондай-ақ оқушылар өздерінің  ақ армандарымен  бөлісіп,  бірнеше номинациямен марапатталды.

 


 


Сонымен қатар, «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді. Тренинг барысында оқушылар өздерінің өмірге құлшыныстарын, өмірді қастерлеп, аялау керек екендігін айтып өтуге де болады.
«Баршаға бақыт тілейміз!» атты жоспар бойынша акция ұйымдастырылып, жүргізілді. Акция барысында «Ойын» шеңбері кезінде ата-аналар балаларына деген сүйіспеншіліктерін ақ параққа гүл салып, балаларына деген ыстық ықыластарын, алдағы өмірде үлкен үміт күтетіндіктерін де жасырмады. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың тығыз болу керек деген мақсатпен ата-аналарға видео роликте көрсетілді.
кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

«Отбасы алтын діңгегім» тақырыбында эссе 6-8 сынып аралығы және «Мен өз отбасыммен бақыттымын» тақырыбында 2-5 сынып аралығында эсселер жазылып, нәтижесінде 8 «А» сынып оқушысы Мырзахан Меруерт «Ең үздік ессе» номинациясымен және 2 «А» сынып оқушысы Мұратбек Иманғали «Ең жас шығармашы» номинациясымен марапатталды.
кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

«Ашу дұшпан, ақыл дос» тақырыбында 8-9 сынып, «Жақсы көңіл-күйге шақырамыз» атты тренинг 10-11 сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты: «Ашу», «ақыл» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау және жақсылыққа үнемі дайын болуларын,
Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызу;
Өмірге құштарлықтарын арттыру.Тренинг барысында қушыларға мінез туралы ақпарат беру кезінде өзара қарым-қатынастарын қағаз бетіне түсіріп, бір-бірінің мінездерін ашық жазып, өздеріне естелікке қалдырды.
кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

«Ақ қанат арманым!» тақырыбында 5-6 сынып аралығында байқау жүргізілді. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді патриоттық тақырыптағы ән мен биге, жыр мен шығармаға баулу; сонымен қатар балалардың ақ қанат арманын асқақтату.
5-6 сынып аралығы 7 сыныпты құрады, сынып ішінен екі номерден орындады, соның ішінде 5 «Б» сынып оқушысы Кеңесбек Арай «Анаға сағыныш» тақырыбында манолог оқып, байқауда «Ең көркем сөз шебері» номинациясымен марапатталды.
кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

Сонымен қатар «Жетім бала арманы » көрінісімен «Ең шебер актерлар» номинациясымен марапатталды.
кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

Сондай-ақ оқушылар өздерінің  ақ армандарымен  бөлісіп,  бірнеше номинациямен марапатталды.

 


 

 

 



 «Біз бақытты жанбыз!» 6-11 сынып оқушылары арасында жоспарға сай, апталықта аталып өтті. Сыныптар өздерінің жеке  суреттерін колладжға суреттеп көрсетіп, ерекше қиялмен ерекшеленген 8 «А» сынып оқушылары белсінді қатысқаны үшін марапатталды.

 


 

 

 

 

«Отбасы – бақыт мекені» атты психологиялық жарыс ұйымдастырылып,  еңбек және сурет пәнінің мұғалімдері  сурет байқауын 2-4  сыныптар арасында сурет салу жарысын өткізді. Нәтижесінде  2 «А» сынып оқушысы Асимбек Сания   өзінің ерекше салынған суретімен  «Ең жас суретші» номинациясымен марапатталды. 

 

 


 

«Мен талантты жанмын»  тақырыбында мектеп тәлімгері мен  психологтың ұйымдастыруымен байқау өткізілді. Оқушыларға адамдардың мінез-құлықтары және темперамент типтер холерик, меланхолик, сангвиник, флегматиктер туралы оқушыларға мәліметтер айтылды. Сонымен қатар өз плакаттарын ортаға ұсынып әр сынып көрсетіп өтті. Ақпан айында өткен фестиваль кеңес беру айлығына белсене қатысқан оқушылар. Ең танымал оқушы  10 «А» сынып оқушысы Бейсенбекова Аделя ең көп қолдау жинады. Ең мейірімді оқушы Бимұрат Балым және ең белсенді оқушы 11 «А» сыныбында Жарылқасын Ғазиза марапатталды. Фестиваль аяғында көңілді би және әндермен аяқталды.

 

 

Ақпан айлығында «Мейірімді жүрек-жылы тілек!» апталығы да ұйымдастырылып, өткізілді. Апталық барысында «Ең   » акциясы, «Отбасы – бақыт мекені» сурет байқауы және «Бақытты жанбыз» сынып фотоколлаждары  сонымен қатар «Мейірімді жүрек-жылы тілек!» апталығын қорытындылау , «Біздің мектепте не болғанын қалайсың?» кері байланыс пікірлерімен аяқталды. 


 

 

 


 

 

 


 


 

 


 




Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Қайырымдылық -адамгершілік белгісі

Автор: admin от 4-02-2019, 02:40, посмотрело: 208

0
Қамқорлық акциясының жоспарына сәйкес үйден оқытылатын мүгедек балаларға қолдау көрсету мақсатында
«Қайырымдылық- адамгершілік белгісі» тақырыбында өткен іс-шара туралы
А Н Ы Қ Т А М А
          №3 жалпы білім беретін мектебінде 10 қаңтар- 10 ақпан аралығында республиканың барлық аймақтарында өтіп жатқан «Қамқорлық» акциясы өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты-тұрмысы төмен отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсету, киім кемшек, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік себептермен сабаққа қатыспай жүрген оқушыларды анықтау, қол ұшын беру. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» дегендей №3 жалпы білім беретін мектебінің директоры Елеу Саурбаев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Альмейзова, мектеп психологы Раушан Қосуақова, әлеуметтік педагог Алия Алшабаева, акцияны ұйымдастырып және ұстаздар қауымы жұмыла атсалысып, игі шараға қолдау көрсетті. Акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылды. Ауылдағы кәсіпкерлерге үндеу хаттар таратылды. Акция аясында «Талпынған жетер мұратқа» тақырыбында оқушыларға бақытты балалық шақты бейнелейтін суреттер салғызылды. Мектеп психологы Р.Қосуақова аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды татулыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында «Біз бақытты баламыз» атты тренинг өткізілді. Демеушілерді, кәсіпкерлерді тарта отырып, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, Мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын мүгедек балаларға «Қайырымдылық- адамгершілік белгісі» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Қамқоршылық акциясы негізінде демеушілер кәсіпкерлер тарапынан оқушыларға қыстық киімдермен, оқу құралдары табыс етілді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей жақсылық жасап, болашағымыз оқушылардың жанын жадыратуға себепші болған ұстаздарға, кәсіпкерлер алғысымызды білдіреміз. Осындай жақсы істер мектебімізде әлі де жалғасын таба береді. Үлкен жүректі, мейірімді жандарға айтар алғысымыз шексіз
Қайырымдылық -адамгершілік белгісі
Қайырымдылық -адамгершілік белгісі
Қайырымдылық -адамгершілік белгісі

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Тіл мерексі

Автор: admin от 20-11-2018, 02:50, посмотрело: 227

1
№3 жалпы білім беретін мектебінің Қазақстан халқы тілдер мерекесін өткізу туралы мәлімет

2018 жылдың 17-22 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай «Үш тілді білу- жаһандық өмірге жолдама» тақырыбында онкүндік іс-шаралар ұйымдастырылды.Мерекенің мақсаты:Қазақстан сияқты бірнеше ұлттық өкілдері тұратын мемлекеттегі ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыруымен дамытудың негізгі фокторы. Еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерінің киелі қасиеттерімен тығыз байланыста екендігін насихаттау. Онкүндіктің жоспары алдын-ала жасалынып, мектеп әкімшілігі бекітті. Ашылуы салтанатты жиын түрінде өтті. Мерекенің ашылу салтанаты үш тілде жүргізілді. Мектеп оқушыларының орындауында тіл туралы өлеңдер оқылып, «Сарыарқа» атты күй шертіліп, ағылшын тілінде әндер айтылды

Мектеп кітапханашысы кітапханамызда Тіл мерекесі күніне арналған кітаптар көрмесін ұйымдастырды.Мектеп дәлізінде де арнайы бұрыш жасалынып, үш тілде көрнекіліктер ілінді.
1-4, 5-8, 9-11 сыныптарының жетекшілер «Тілім менің - тірегім»,«Тіл – ұлттың жаны», «Сүйемін туған тілді – анам тілін», «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тақырыпта тәрбие сағаттарын жүргізді.
«Қазақстан халқының тілдерін дамыту мен қолдау» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында кітапханашы Т.Рақұлова конференция өткізді. Оқушылар өз тараптарынан қолдау көрсетіп, жан-жақты талқылап жатты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 10-11-сынып оқушылары арасында «Ана тілің қазаынаң», «Көрікті менің көркем өлкем», «Қазақстан –қасиет қонған ел»,«Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі» тақырыптарда шығармалар байқауын жариялап, ең үздік шығармалар анықталды. Нәтижесінде 10 «А» сынып оқушысы Бейсенбай Аделяның, 11 «А» сынып оқушысы Бимұрат Балымның шығармасы «Үздік» деп танылды.
«Қазақстаным – қара шаңырағым» тақырыбында өзге ұлт оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөңкебаева Л.Қ. өз дәрежесінде өткізді.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Демесинова А. Аймамбетова Г бірлесіп 5-6-сынып оқушылары арасында үш тілде «Полиглот» интеллектуалдық ойынын ұйымдастырып, өткізді.
Орыс тілі пәні мұғалімдері Саурыкова Ш, Таматаева П 5-8 сынып оқушылары арасында «Язык мой – друг мой!» интеллектуалды кеш ұйымдастырды. Кешке оқушылар белсене қатысып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп өлеңдер оқыды.
 
      

 


     
 Онкүндіктің соңы «Қазақстан – ортақ мекенім!» атты 3-10 сынып арасында мерекелік фестиваль өткізілді. Фестивальға әр сынып оқушылары Қазақстан мемлекетінде тұратын ұлт өкілдері болып киініп, оның салт-дәстүрі,ұлттық тағамдары мен өнерлерін көрсетіп, қызығушылықтарын танытты.

 

 


 


 

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 
Назад Вперед