7-8 сынып оқушылары арасында «Маған өмір қымбат» тақырыбында шығарма байқауы
№ 3 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021-2022 оқу жылының сәуір айында мектеп оқушыларының психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған Юнисеф жобасы аясында 7-8 сынып оқушылары арасында «Маған өмір қымбат» тақырыбында шығарма байқауы өтті. Байқаудың мақсаты өмір туралы оқушылардың ойларын, алға қойған мақсаттары туралы, өмірдің мәнін қалай түсінетіні жайында анықтау. Шығарма нәтижесінде сыныптар арасында жазған оқушылардың үздік шығарма жазатындар анықталынды. Шығарма жазу барысында әр оқушы өз өмір туралы түсініктері, әр қайсысы өмірдің мәнін қалай түсінетіндері жайында айтты. Мысалы 7 сынып оқушысы Кәрібаева Аелла өз шығармасында: «Өмір-сырға толы, қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді. Менің түсінігімше, өмір-теңдңсі жоқ, құдіретті күш иесінің бізге ұсынған сыйлығы. Біз, яғни адамзат баласы сол ғаламат сыйлықтың қадіріне жетіп, бағалай білуіміз қажет.»
Қамтылған оқушы саны: 22![](/uploads/posts/2022-04/1651048915_1651048035881.png)
![](/uploads/posts/2022-04/1651048991_1651048063900.png)
![](/uploads/posts/2022-04/1651048993_1651048088733.png)