04
май
2022
"Озық ой мен тың идея" тақырыптарында ауылымыздың кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
8-11 сынып оқушылар арасында "Кеңесу жүйелі жұмысқа бағдар", "Озық ой мен тың идея" тақырыптарында ауылымыздың кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге "Жасыл белес" шаруа қожалықтың кәсіпкері Қабылбекова Шолпан Наметқазықызы және шағын наубайхана кәсіпкері Әбіқай Бахыт Әжіханұлы қонаққа шақырылды.Кәсіпкерлер өздерінің еңбекқорлықтары мен кәсіпке деген қызығушылықтарын ортаға салып, оқушыларға бағыт-бағдар беріп,жігерлендіре түсті."Ата кәсіп,балаға нәсіп" мағынасын келген қонақтар барынша дәлелдеп,болашақта мамандықтан,кәсіптен шатаспауға жол көрсетті.



