16
май
2022
информатика пәні бойынша интеллектуалды ойын "Информатика жұлдыздары" тақырыбында сыныптан тыс ашық сабақ өткізілді
8А,Ә,Б сыныптарымен информатика пәні бойынша интеллектуалды ойын "Информатика жұлдыздары" тақырыбында сыныптан тыс ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі Сымбат Абдуллаева. Мақсаты: Оқушылардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету, оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау, ұйымшыл болуға тәрбиелеу. Сабаққа оқушылар белсене ат салысты, сабақ жоғары деңгейде өтті.






