"Жолда жүру ережесі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жолда жүру ережесі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
18
май
2022

"Жолда жүру ережесі" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

N3 Жалпы орта білім беретін мектепте 2021-2022 оқу жылының  25 сәуір - 25 мамыр аралығында мектеп оқушылар арасында "Жол қауіпсіздігі ережелері" айлығы өтіп жатыр. Осы айлықтың жоспарына сай 18.05 күні бастауыш сынып мұғалімі Оналбаева Сауле Сайлауқызы 4 "А"  сыныбында  "Жолда жүру ережесі" тақырыбында сынып сағаты өтті. Бұл сынып сағаттың мақсаты:  Оқушыларының жолда жүру ережесі бойынша түсініктерін пысықтау. Жолда жүргендегі қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керектігі туралы түсіндіру. Оқушыларды бағдаршамның көздері бойынша топқа бөлді. Оқушылар жол ережесі туралы, жол белгілері туралы білімдерін ортаға салды. Берілген тапсырмалар бойынша топ болып постер қорғады. Сынып сағатының соңында мұғалім оқушыларға алдағы жазғы демалыс кезіндегі  қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертті.