03
июнь
2022
«Шын дос болу- бақыт» атты іс-шара өтті.
"Күншуақ" сауықтыру лагерінде Достық пен мейірімділік күні «Балдырған» тобының тәрбиешісі Бекбатырова Асель мен кітапханашы Ракулова Тома әкпейдің ұйымдастыруымен «Шын дос болу- бақыт» атты іс-шара өтті.
Мақсаты: Балаларға достық адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгілі туралы айтып түсіндіру, досқа деген танымын, талғамын шыңдау; өз ойларын ашық айта білуге, берілген сұраққа ойланып нақтылы толық жауап бере білуге үйрету, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту; балаларды адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өзінің, досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.
Бұлтқа оранған бүгінгі күннің тақырыбын «Жұмбақ» әдісі бойынша ашады. Достық туралы түрлі сұрақтарға жауап береді. Тақтада ілінген суреттердің мазмұнын, қай ертегіге жататындығын айтады және суреттейді.
Балаларды «Ынтымақ» тобы,«Бірлік» тобы және «Достық» тобына біріктіреді. Топта балалар белсене қатысады.«Адасқан сөздер» әдісі бойынша мақал-мәтелдерді құрастырса, «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша берілген суреттерден мақал-мәтелдерін тауып айтады.«Досқа тілек» әдісімен топтағылар әр топқа тілек айтады.
Соңында балаларды «Адал дос» және «Екі дос және аю» ертегісі интерактивті тақтамен көрсетіліп, кітапхана оқу залында ертегі кітаптар оқылды.

![](/uploads/posts/2022-06/1654577421_12.png)