Денсаулық күні » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2022

Денсаулық күні

7 қыркүйек #3 ЖОББМ Денсаулық күніне орай спорттық іс - шаралардың жоспары жасалынып, мектеп директорымен бекітілді. "Денсаулық күні" сағат 11:00-де мектеп ұстаздары мен оқушылары спорт алаңына сапқа тұрғызылып, ДТІЖО Альмеизова Ж.Т. спорттық  іс - шараларға қатысушыларды құттықтап, салауатты өмір салтын ұстауға, жеке бас гигиенасын сақтауға, дене шынықтырумен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге шақырды. Әрбір азамат спортпен айналысып, әртүрлі спорт секцияларына қатысып еліміздің дені сау, рухы күшті азаматы болып өсулеріне тілектес екенін білдірді.
Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен төмендегідей іс - шаралар өткізілді: "Асық ату", "Тоғыз құмалақ", "Шекемтас", "Қол күрес", "Арқан тартыс", "Футбол", "Баскетбол", 60 метрге уақытқа жүгіру. Іс -шара соңында жеңімпаздар марапатталды.








и ещё 3