14
декабрь
2022
14-желтоқсан күні мектебіміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңына орай іс-шара өтті.
14-желтоқсан күні мектебіміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңына орай ұйымдастырылған " Мәңгілік Ел ұландары" атты еліміздің нағыз патриоттары,еңбекқұмар,білімге құштар,өршіл,қайсар етіп тәрбиелейтін,дәстүрімізді,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өтті. Ұйымға 29 оқушы қабылданды.Оқушылар өздерінің жүрек жарды қуанышқа толы жылы лебіздерін жыр шумақпен жеткізді. Іс-шара аясында оқушылар салтанатты түрде ант қабылдады. Галстуг тағы рәсіміне шақырылған ұстаздар және мектеп өзін-өзі басқару ұйымының жетекшілері табыс етті.Бүгіңгі мерекеге балғын дарымызды шын жүректен құттықтаймын.Тәуелсіз ел ертеңіміз,білім,бірлік-ұланымыз! Келешекті кемел кілтін,жарқын болашақтың туын нық ұстау біздің қолымызда дей келе салтанатты шара соңында естелік фото суретке түсіп оқушылар ерекше құрметпен тарады.