#3 жалпы орта білім беретін мектебінде әкімшіліктен құралған рейд мүшелері түнгі рейдке шығуда. » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » #3 жалпы орта білім беретін мектебінде әкімшіліктен құралған рейд мүшелері түнгі рейдке шығуда.
28
апрель
2023

#3 жалпы орта білім беретін мектебінде әкімшіліктен құралған рейд мүшелері түнгі рейдке шығуда.

#3 жалпы орта білім беретін мектебінде әкімшіліктен құралған рейд мүшелері түнгі рейдке шығуда. Бала қауіпсіздігін сақтау- баршаға ортақ міндет.

     ⚜️ Қоғамдағы ең күрделі  мәселенің бірі – ұрпақ тәрбиесі. Саналы азамат пен білімді жасөспірім мемлекет экономикасын дамыту жолында қосар үлесі зор. Сондықтан бала тәрбиесін отбасында да, мектепте де басты назарда ұстау керек.
    🔰 Жасөспірімдердің әртүрлі іспен шұғылданбауы немесе жан-жағындағы  қоршаған ортасының, айналасындағы достарының немесе біреудің қорқытуы арқылы қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi көп болып  жатады. Сондай-ақ түрлі компьютерлік ойындар да балалардың психологиясына кері әсерін тигізеді.Яғни тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді. Бұған кейбір ата-ана мән бермейді. Бала тәрбиесі — бұл дүниедегі барлық істен жоғары тұратын ең үлкен жауапкершілік.
     🔖Осы орайда жүргізіліп отырған түнгі рейд жұмыстары жасөспірімдер арасында кездесетін  құқық бұзушылықтың алдын алады. Мұндай шаралар балалардың түнгі уақыттарда зәбір көруіне, келеңсіз оқиғаларға тап болуына тосқауыл қояды, — деп ойлаймыз.