03
октябрь
2022
2022 жылдың 03 қазан күні № 3 ЖОББМ - де ҚР БҒМ " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау
2022 жылдың 03 қазан күні № 3 ЖОББМ - де ҚР БҒМ " Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау , лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы " 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы негізінде мектепте педагог лауазымға тағайындау бойынша конкурстық комиссияның 2- отырысы өткізілді . Бос лауазымдық орынға өтініш берілді. Әңгімелесу кезеңінің барысы хаттамамен рәсімделіп , педагогтің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес екендігі анықталды. Конкурстық комиссия мүшелері педагог жұмысының басым бағыттары мен міндеттері , баланың әлеуметтік процесін ұйымдастырушы , жоспарлы әрі мақсатты жағдай жасайтын маман екенін түсіндірді . Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттардың бағалау парағында критерийлері бойынша жинаған ұпайы ескеріле отырып , конкурстық комиссияның шешімімен Тойгулиева Гүльнур Туретаевна - уақытша , директордың ғылыми - әдістемелік орынбасары ретінде қабылдауына ұсыныс берілді .