Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдерінің әдістемелік апталығы » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдерінің әдістемелік апталығы
12
декабрь
2018

Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдерінің әдістемелік апталығы

№3 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, өзін-өзі тану пәндерінің әдістемелік апталықтың өтілуі туралы мәлімет
19.11.-23.11.2018 ж. күндері аралығында «Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі» атты қазақ тілі және әдебиеті, 
тарих,өзін-өзі тану пәндерінің апталығы өткізілді.
 

            Сабақтардың барлығы жаңа ақпараттық технологиялардың барлық мүмкіншіліктерді пайдалану барысында ұйымдастырылды. Апталықтың бекітілген жұмыс жоспарындағы барлық сабақтар мазмұнды, мағыналы, сапалы өтті.
Атап айтсақ, М.Мөңкеұлының «Сарыарқа» толғауы тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөңкебаева Л.Қ. 8 «А» сыныбымен топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың зейіндерін шоғырландырды. Жаңа әдістерді барынша қолданып, сабақ мақсаттарына жетті. «Рефлексиялық шеңбер», «Хан жарлығы» әдістері білім алушылардың сабаққа қызығушылықтары арта түсті.


       
 Ы.Алтынсарин «Атымтай Жомарт» сабағын Даниярова И.Н. 5 «Б» сыныбымен ұйымдастырды. Сабақта оқушылардың білімдерін, ынталарын дамыту мақсатында «ПОПС формуласын» пайдаланып, өз жетістігіне жетті. Балалар ойларын анық, нақты дәлелдермен дәлелдей отырып, әңгіменің мазмұны мен идеясын жан-жақты ашты. Өткізілген сабақта аудио,видеолар көрсетіліп, жаңартылған әдістерді де барынша қолданды. 
 
Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән мұғалімдерінің әдістемелік апталығы


       А.Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбында Үсенбаева Ж.Б. 6 «Б» сыныбымен өткізген ашық сабағы өз дәрежесінде ұйымдастырылды. Аталған сабақтан балалар өз қажеттілігіне керек мағлұматтар мен деректермен сусындады.Сабақты «Білім ланд» сайтды арқылы жан-жақтылығын байқатты. «Екі жақты күнделік», «Сүзгі» әдістерін пайдаланып, білімге, ғылымға, өнерге баули түсті. Сабақты бағалау парақшасы арқылы бағалап отырды. Оқушылардың әр жауаптарын жүрекшелермен ынталандырып, келесі тапсырмаларға да жауапкершілік жүктеп отырды. 
 


      «Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті» сабағын 5 «Ә» сыныбымен тарих пәннінің мұғалімі Төретаев Ж.С. өткізді. Сабаққа оқушылар белсене қатысып, атсалысып отырды. Қабілеттеріне де қарай тапсырмалар беріліп,жаңа сабақтың мақсатын аша түсті. Білім алушылар топтық тапсырмаларға дағдыланған,жүйеленген. 
 

        Апталық өз уақытында, дәрежесінде өткізіліп, әр пән мұғалімдеріне талдау жүргізілді. Кемшіліктер мен ұсыныстар айтылып, түзету жұмыстары алдағы мақсаттарға қойылды. 

Похожие публикации:

12 декабрь 2018 Оқушы жетістігі
12 декабрь 2018 Оқушы жетістігі
20 ноябрь 2018 Тіл мерексі