16
сентябрь
2022
Аудандық Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай "Мұхтар мұрасы!"атты мәнерлеп оқу байқауына дарынды оқушыларымыз қатысып,жүлделі орындарға ие болды
Аудандық Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай "Мұхтар мұрасы!"атты мәнерлеп оқу байқауына дарынды оқушыларымыз қатысып,жүлделі орындарға ие болды.Байқау қазақ әдебиетіміздің ұлы классигі,қоғам қайраткері,профессор - Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармаларынан үзінді оқу және кемеңгер жазушыға арналған арнау өлеңдері паш ету мақсатында 2 бағыт бойынша өткізілді. 6 сынып білім алушысы Сания Асимбек Ұлы қаламгердің "Жетім"әңгімесінен үзіндіні жатқа оқып,оқырмандық көзқарасын,зияткерлік қабілетімен қатысушылардан алға суырылып шығып 1 орынды қанжығасына байлады.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Усенбаева Ж.Б.Ал 10 сынып оқушысы Нұрай Жұмахан шығармашылық талантымен ақындық мүшәйрасы бойынша көпшіліктің назарын өзіне аударып 2 орынды иеленді.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даниярова И.Н.Дарынды да өнерлі жас бүлдіршініміз Сания облыстық байқауға жолдама алды.
и ещё 2