Қамқоршылық кеңес » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2018

Қамқоршылық кеңес

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«№3 жалпы білім беретін мектебі»
Қамқоршылық кеңесі жиналысының
Хаттамасы № 3
24.05.2018ж
Қатыспағандар:0
Күн тәртібінде:
4. Қолдауды қажет ететін отбасы оқушыларының жазғы демалысының ұйымдастырылуы, жаздық лагерьге қамтылуы ;
5. Қамқоршылық кеңес жұмысының қорытындысы;
Тыңдалды:
1-мәселе бойынша Мектептің әлеуметтік педагогы Алшабаева А.Т баяндады.
Меркі аудандық білім бөлімінен тау бөктерінде орналасқан «Жұлдыз» сауықтыру лагеріне 4-7 сынып оқушылары аралығында денсаулықтарын нығайту және бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында 6 оқушыға тегін жолдама берілді. Қамқоршылық кеңесінің отырысында оқушылардың санаттарына қарай және әр отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру, қарау негізінде жасалған АКТ-ға сүйене отырып 6 оқушыға тегін жолдама ұсынылды. Олар: бірінші кезеңіне жартылай жетім отбасынан 5 «а» сынып оқушысы Абдрахман Назерке, 6 «б» сынып оқушысы Амангелді Арайлым, екінші кезеңіне көп балалы отбасынан 6 «б» сынып оқушысы Жақсылық Ақжан, 5 «а» сынып оқушысы Тұрлыхан Алихан, үшінші кезеңіне озат оқушылардан 6 «а» сынып оқушысы Бейсенбай Мөлдір, 5 «б» сынып оқушысы Нұржанұлы Мадимар осы оқушыларға тау бөктеріндегі «Жұлдыз» сауықтыру лагеріне құжаттары жинақталды.
2-мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рахимов А. баяндады.
2017-2018 оқу жылында №3 жалпы білім беретін мектебі жалпыға бірдей міндетті оқу айлығының жоспары жасалынып, жоспарға сай іс шаралар уақтысында өткізілді.
Шешімі:
3. Қамқоршылық кеңес жұмыстары әрі қарай жандандырылсын.
4. Акциялар барысында демеушілер қоры күшейтілсін, қамқоршылық кеңесі тарапынан қадағалансын.
1.А.Рахимов /ауылдық округының бас маманы/ қамқоршылық кеңесінің төрағасы ________________________________
2.Н.Даняров /ата ана ком.төрағасы/ мүшесі___________________
3.А.Ерназаров /жеке кәсіпкер/ мүшесі
4.Қ Далбаев /ата ана ком.төрағасы/ мүшесі___________________
5. Қ.Асанқұлов /ата ана ком.төрағасы/ мүшесі___________________
6. Е.Далбаев /ата ана ком.төрағасы/ мүшесі___________________
7. Г. Қарақұлова /ата ана ком./ мүшесі___________________
8.Д.Жатқанбаев /жеке кәсіпкер/ мүшесі ___________________
9.А.Боштаев /жеке кәсіпкер/ мүшесі___________________




Хатшы: А.Т.Алшабаева (әлеуметтік педагог)














Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№3 жалпы білім беретін мектебі
Қамқоршылық кеңесі
ХАТТАМА № 4
14.06. 2018ж
Қатысқаны: 10
Қатыспағандар: жоқ
Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру.
2.Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға материалдық
көмек көрсету
Тыңдалды:
Күн тәртібінің мәселесін мектеп директоры Е.Саурбаев таныстырды
және мәселе бойынша сөз бастады. Ата-аналар,сынып жетекшілер аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2018-2019 оқу жылында «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру әлеуметтік
себептермен мектепке келмей қалудың алдын алу, 6-16 жас аралығындағы балаларғаорта білім беруді қамтамасыз ету,жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізу,азқамтамасыз етілген отбасы балалары мен көп балалы отбасылардан және жетім ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында білім беру мекемелерінде 2018 жылдың 1 тамыз 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Мұхтаж балаларға материалдық көмек көрсету ушін, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен, жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықты ұйымдастырылады. Әлеуметтік көмекке мұхтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету үшін киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын тамақ өнімдерін қабылдау жұмыстары жүргізіледі.Сол себепті әлеуметтік көмекке мұхтаж балаларға көмек қолымызды созып демеуші болайық деп сөзін аяқтады.
Келесі сөзді ДТІЖО Альмейзова Ж.Т берді.
Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға материалдық көмек көрсету.Ата-аналар акцияның мақсаты оқумен қамтылмаған балаларды анықтау,аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға , жетім балаларға сондай-ақ оқу жылына дайындық уақыты кезінде ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуін алдын алу.Мектеп жасындағы барлық балаларды орта білімен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударту, және көмек қолын созуды ұйымдастыру.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог: А.Алшабаева жаңа оқу жылында әлеуметтік мәртебеге ие 93 (тоқсан үш)
оқушы бар. Оның 16 (он алты) жартылай жетім ,19 (он тоғыз) аз қамтылған отбасынан, 58 (елу сегіз) бала көп балалы отбасынан.

Шешімі:
1. Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес «№3 жалпы білім беретін мектебі коммуналдық меклекеттік мекемсінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
2. Акция барысында демеушілер қоры күшейтілсін.


Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:
Рахимов Айбек Советович ______________________

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:

Боштаева Гайни Бимуратовна________________________
Асанқұлов Қайрат Бүркытбаевич______________________
Асимбеков Ермек Жаксылыкович______________________
Базирбаев Жандос Мамытович__________________________
Мырзатаева Батен ___________________________________
Ерназарв Асқат Аскербекович _________________________
Жатқанбаев Дәулет Бегасылович_________________________
Данияров Еркебулан Эликович__________________________








Хатшы: А.Т.Алшабаева (әлеуметтік педагог)


Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№3 жалпы білім беретін мектебі
Қамқоршылық кеңесі
ХАТТАМА № 5
Қызыл қыстық ауылы «09» қазан 2018жыл
Қамқоршылық кеңесінің жиналысы:
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Рахимов А.С
Жергілікті ауылдық әкімдігінің өкілі: Н.Сұлтаналиев
Аудандық кәмлетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау коммисиясының хатшысы: М. Абдықасымов
АІІБ ЖҚП ЮПТ аға инспекторы Д.Омарова
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері С.А Метеркулова
Қоғамдық кеңес мүшесі С.О.Исатаева
Хатшының аты жөні: Алшабаева А.Т
Қатысқандар:15
Күн тәртібінде:
1. №3 ЖББМ директоры Е.Саурбаев, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Етикбаев, мектеп инспекторы Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция капитаны Мырзабаев Руслан Джолдибаевич 2017-2018 оқу жылындағы оқушылар арасында қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында АІІБ ЖҚП ЮПТ–мен бірлесе атқарылған жұмыс» тақырыбында қыркүйек-қазан айларында жүргізілген күндізгі-кешкі рейдтердің нәтижелері туралы есебі тыңдалды.
2. Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:1- мәселе бойынша сөз алған директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Етикбаев биылғы оқу жылында мектепте 345 оқушы оқып отырғанын баяндай келе, ол өз сөзін оқушылар арасында түрлі санаттар мен ата-аналар туралы нақты сандық мәліметтермен толықтырып өтті. Сонымен қатар баяндамашы өз сөзінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алу жұмысы бойынша жұмыс жоспарын, жұмыстың құрылымы мен мақсаты, одан күтілетін нәтижелер туралы да айтып өтті. Аталған мәселе бойынша екінші болып есеп берген бекітілген полиция инспекторы Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-нің полиция капитаны Мырзабаев Руслан Джолдибаевич өз баяндамасында бүгінгі күнгі білім ошағында оқып отырған, аудандық ішкі істер бөлімінде «жайсыз отбасы» ретінде есепте тұрған екі отбасы олар: Назаровтар мектеп жасында 1 оқушы (үйден оқытылады), екіншісі Зайтовалар мектеп жасында 2 оқушы оқитынын айта келе, олардың ата аналарымен және мектепте оқып отырған балалармен атқарылып отырған профилактикалық жұмыстар туралы баяндап өтті.
Мектеп инспекторының есебі бойынша сөз алған бөлім бастығы Д.Омарова оның атқарылған жұмысына кейбір жұмыс бағыты бойынша жұмыста кемшіліктер бар екенін атап өтіп, мектеп әкімшілігін инспектордың құқығы мен міндеттерімен таныстырды. Сонымен қатар ол өз сөзінде басты назарды мөлтекаудандағы рейдтер мен мектепішілік кезекшілікке, төменгі буында оқитын балаларды мектептен мектеп кезекшісі мен сынып жетекшілерінің қадағалауымен тек ата-анасы мен заңды өкілдері алуына, аталған бағытта атқарылған жұмыста олқылықтың орын алу себебінен кәмелет жасына толмағандармен жыныстық қатынаста болу фактісі бойынша биылғы жылдың өзінде аудан білім ошақтарында 4 факті тіркелгенін айтып өтті.
Мектеп директоры Е.К.Саурбаев сөз алды.
2018-2019 оқу жылындағы атқарылған оқу тәрбие жұмыстарына есебі берілді. Мектеп директоры өз сөзін мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Білім беру жүйесін жаңғырту барасыныда біз үшін маңыздысы... оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» деген қанатты сөзімен бастады. Сондай ақ қазіргі қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғанын, тілге тиек етті. Сондықтанда жаңа формация мамандарын дамыту мен жетілдіруге метептегі мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру бағытында атқарылатан іс шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Білім мазмұнын жаңартуда педагог кадырлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру арқылы білім сапасын арттыру, сондай ақ , мектепте жұмыс жасап жатқан мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталды. Үш тілді білім беру заман талабы екенін айтып, сертификатталған мұғалімдердің құрамына тоқталып өтті. Жаңа бағдарлама сапалы оқытудың тиімді тәсілі демекші, кәсіби мұғалімдерді дайындау үшін коучинг әдістемелік семинар, ашық есік күндері өткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар 2018-2019 оқу жылында №3ЖББ мектебінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017жылдың 27 шілдедегі №355 бұйрымен бекітілген білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепте Қамқоршылық кеңесі құрылып, бір қатар ауқымды іс-шаралар атқарылғанын айтып өтті. Сонадай ақ мектепте биылғы оқу жылында оқушыларды ыстық тамақпен қамту мақсатында «жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санатына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілген сандартына сәйкес әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен аз қамсыздандырылған, жетім, жартылай жетім отбасы балалары көп балалы отбасы балалары яғни 10 отбасынан 19 оқушы бір мезгіл мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтылғанын сөз етті. Сондай ақ Мектепке жол” республикалық акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акцияның басталуы туралы, биылғы жылғы акция «Бақытты балалық шақ мекені» атты ұранымен жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталды. Мектепте акцияны ұйымдастыру және өту барысы туралы іс шаралар белгіленіп, жоспар құрылды. Акция барысында балалардың әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, жеке жеке көмек көрсетілді. Мектепте акция барысында тұрғылықты орны бойынша тіркеудің бар жоғына қарамастан бекітілген аумақта тұратын 0-18 жасқа дейінгі балаларға аула аралау арқылы санақ жүргізіліп, деректер қоры қалыптастырылды. Мектепке дайындау кезінде қолдауға мұқтаж оқушыларды (аз қамтылған, көп балалы, ата ананың қамқорлығынсыз қалған) анықтау және 10 одан да көп күнтізбелік сабақтан қалдырылған балаларды анықтау мақсатында рейдттер ұйымдастырылды. Акцияны насихаттайтын жарнама плакаттарын көрнекі жерлерге орналастырылып, демеушілер (меценат) әріптестік қарым қатынас орнатылды. Акция қорытындысы бойынша қайырымдылық көрсеткен меценаттарға, демеушілерге құрмет көрсетіліп, алғыс хатпен марапатталғанын айта кетті. Мектеп директоры Е.Саурбаев қатысушыларға есеп жиынына қатысқандарына ризашылығын білдіріп, мектеп инспекторының аз уақыт ішінде атқарған жұмысына оң баға беріп, бала тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі,оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысында барлық сала мамандары бірлесіп жұмыс атқарғанда ғана тиісті нәтиже болатынын айтып өтті.


Шешімі:
1. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және мектеп инспекторы бір кабинетте отыруын;
2.Мектеп әкімшілігі және мектеп ұжымы тарапынан мұғалімдерге қолдау көрсетілсін;





Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:
Рахимов Айбек Советович ______________________

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:

Боштаева Гайни Бимуратовна________________________
Асанқұлов Қайрат Бүркытбаевич______________________
Асимбеков Ермек Жаксылыкович______________________
Базирбаев Жандос Мамытович__________________________
Мырзатаева Батен ___________________________________
Ерназарв Асқат Аскербекович _________________________
Жатқанбаев Дәулет Бегасылович_________________________
Данияров Еркебулан Эликович__________________________










Хатшы: А.Т.Алшабаева (әлеуметтік педагог)