Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауы
Қорытынды аттестаттау – білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі Министрліктің «Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен анықталады.
2020 жылдың білім алушылары қорытынды аттестаттауды бес емтихан түрінде, оның ішінде біреуін таңдау бойынша тапсырады.
1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан
3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу
5) таңдау бойынша пәннен тестілеу
![](/uploads/posts/2020-01/1580291282_risunok1.jpg)
![](/uploads/posts/2020-01/1580291282_risunok2.jpg)