Еңбек күні » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
сентябрь
2023

Еңбек күні

2023 жылдың 27 қыркүйек күні  «Еңбек күні»аталуына орай  №3 ЖОББМ 9,10 сынып білім алушыларына ДТІЖО Ж Альмеизова.тәлімгер А Тулетбекова .сынып жетекшілер С Абдуллаева .Қ Құлсариева. ГАймамбетова  және  кәсіби бағдар беруші педагог Р Керимкулованың ұйымдастыруымен  мектебіміздің түлектері  «Жасыл белес»шаруа қожалығының иесі Наметқазы Алишер, «Мұратай»мал шаруашылық иесі Молдрахманов Меліс, «Сыпатай»шекара қызметкері Жұматаев Сабыржанмен кездесу өткі зілді.Кездесу  ДТІЖО Ж.Т.Альмеизованың жылы лебізін білдірүімен ашылды .Мектебіміздің жез таңлай әншісі Тұрлыхан Нурай  қонақтардың құрметіне ән шырқады. Кездесу барысында білім алушыларға  әр мамандық әлемі әрқилы және әрбір мамандық маңызды және сұранысқа ие екендігі айтылды. Мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек, өйткені таңдаған мамандығымен барлық өміріңді байланыстыратынын айтып өтті.Кездесу барысында Алишер өзінің жеке кәсібі туралы бейне роликтерін көрсетіп, болашақта түрлі алма, алмұрт талдарын сорттарын қалай өсірілетінін, және өнімдерін  сақтау жолдарымен білім алушылар мен бөлісті.Сабыржан әскери қызметтің қыр-сырымен бөлісті. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя отырып толыққанды жауп алды.