Білім ұясындағы мамандар
№3 жалпы орта білім беретін мектебінде қыркүйек айының 12 күні кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге бағытталған жоспары бойынша Н.Сатыпалдиевамен Ж.Баймуратованың жетекшілігімен 1сынып оқушыларына "Білім ұясындағы мамандар" атты шолу экскурсиясы жүргізілді. Бастауыш сынып оқушыларына білім ұясындағы кітапханашы, медбике, аспазшы маман иелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Қандай мамандық иесі болғың келеді?деген сұраққа оқушылардан жауаптар алынды.