Тиімді тамақтануды ұйымдастыру » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тиімді тамақтануды ұйымдастыру
22
октябрь
2021

Тиімді тамақтануды ұйымдастыру

№3 жалпы орта білім беретін мектебінде тиімді тамақтануды ұйымдастыру бойынша

сыныптар арасында өткізілген тәрбие сағаттары туралы

Анықтама


      №3 жалпы орта білім беретін мектебінде білім  алушылар арасында тиімді тамақтануды ұйымдастыру мақсатында «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды.

 Мақсаты 

  • Оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып, қосымша мәліметтер бере отырып денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту.
  • Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
  • Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.

      «Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі» тақырыбы арқылы білім алушылардың қазіргі таңда дүкен сөрелерінде үзілместен үлкен сұранысқа ия болып отырған фаст- фуд, өнімдері, газдалған сусындар, жартылай дайын өнімдердің адам ағзасына келтіретін зиянды жақтарын түсіндіріп, олардың орның ағзаға пайдалы дәруменге бай тағамдармен алмастыру керек екендігін түсіндіру.
 Білім алушыларға жалпы тамақтанудың негізгі ережесін және дұрыс тамақтанудың алғышарттары сабақ барысында түсіндіріп өту.
 
Әр сынып жетекшілері білім алушыларға сұрақ-жауап беріп, танымдық ойындар ұйымдастырды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, соңында рефлексия жасады.