Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
06
февраль
2019

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу  жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

Мектепте білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығымен бекітіліп, 2017 жылғы 22 ақпандағы №76 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына» сай жүргізілуде.
Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген, асхана қажетті құрылғылармен жабдықталған. Асхана бұрышында оқушылардың тамақ ішу кестесі, комиссия мүшелері тарапынан кезекшілік кестесі ілінген.
Санитариялық қағидалардың 111- тармағында « Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі...»-деген талап бойынша күнделікті ас мәзірі басшының қолы және мөрімен бекітіліп ілінген. Аталған қағидалардың 116-тармағында«С» витаминімен витаминдеуді журналға енгізе отырып,"С" витаминінің тәуліктік нормасы есебінен мектеп жасындағы балалар үшін –70мг мөлшерінде беріледі.
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі санитарлық талапқа сай. Асхана ыдыстармен толық қамтылған, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Тамақтың дайындалуы асхананың режиміне сай.