Мектептегі білім алушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жағдайы туралы.
№ 3 жалпы білім беретін мектебінде « Саламатты Қазақстан » кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастырып , сапалы аз қамсыздандырылған отбасы оқушыларына , көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету жүргізілді.
Мектеп бойынша барлығы – 355 оқушы . Жалпы ыстық тамақпен қамтылғпн оқушылар саны – 353 , ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың пайызы – 98,8, ата- ана есебінен тамақтанатын оқушылар саны -240 , тегін тамақтанатын балалар саны – 101.
1 – ауысымда -282 бала тамақтанады , тамақтанатын уақыты 10.15 тен- 10.55 ке дейін.
2- ауысымда -69 бала тамақтанады , тамақтанатын уақыты 15.45 тен- 16.00 ге дейін.
№3 ЖББМ бойынша жағдайы төмен оқушылар тізімі мектеп директоры Е.К.Саурбаевпен , ауылдық округ әкімі Б.Мәжиевпен бекітілген. Әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу актілері сынып жетекшілерімен, мектеп психологы Ғ.Алмейзова, әлеуметтік педагог А.Алшабаевамен бірлесе зерттеліп шыққан . Актілер мен анықтамалар арнайы папкада жинақталған және іріктелген.
1-11 сынып оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында арнайы кесте ұйымдастырылып , тамақтануын қадағалау әлеуметтік педагог А.Алшабаеваға жүктелген . Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың әр күні тамақ ішкені туралы тіркеу , тамақтанатын оқушылардың тізімі , мониторинг анықтамалары жазылған және мектеп директорымен бекітілген. 2019-2020 оқу жылына салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ыстық тамақпен қамтамасыз етуге атқарылатын жоспар жасалынған.
Ас мәзірін алдын ала дайындап , ас мәзірінде медбикемен директордың қолы мен мөрі басылған. Шикі және піскен азық – түлікті жұмсаудың бракераждық журналдары бар. Асхана іші таза , жарық , санитарлық жағдайы ұйымдастырылған , технологиялық құралдар және тазалықта сақтау жабдықтарының маркировкасы бар . Шеті сынық ыдыстарды аспазшылар пайдаланып жүрген жоқ.Оларды тіркеу журналы бар. Мектептің бекітілген комиссия мүшелері , медбике , ДТЖО ыстық тамақтандыруды күнде қадағалап жүрді.