Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру»
18
октябрь
2024

Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру»


 

«№3  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік  іс-шараның 

қорытындысы 


         Меркі ауданының білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 07.10.2024 жылғы № 1502 хатына сәйкес мектепте «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында ынтымақпен қамту жұмысының сапасын арттыру мақсатында 2024 жылдың 08-18 қазан күндері аралығында он күндік іс шара жоспары қосымшаға сәйкес жасалынып, мектеп директорымен бұйрық бекітілді.

        Іс шараның мақсаты: Ыстық тамақпен қамту жұмысының сапасын арттыру, балаға дұрыс тамақтану ережелерін таныстыру.

10 қазан күні «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» атты іс-шараның ашылуы өткізілді. 



10 қазан күні №3  жалпы орта білім беретін мектебінде "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" тақырыбында онкүндік жоспарына сәйкес тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия мүшелері тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. 

       14 қазан күні "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" он күндік іс-шара жоспары бойынша 4б сынып жетекшісі Г.Тілеубаева "Денсаулық және дұрыс тамақтану" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында пайдалы және зиянды тағамдар туралы сұрақ - жауап айдары ұйымдастырылды. Оқушылар пайдалы және зиянды тағамдар туралы өз ойларын ортаға салды. 


Мақсаты: білім алушыларға дұрыс тамақтану ережелерін таныстыру.



    

15.10. күні «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында мектеп медбикесі А.Т.Ашимбаева «Дәмдінің бәрі пайдалыма», «Денсаулық және дұрыс тамақтану мәдениеті» тақырыбында және "Сіздің талғамыңыз: дәрумендер немесе фасфуд?" тақырыбында пікірталас өткізді.

Мақсаты: Білім алушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып,қосымша мәліметтер беріп, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану ережелері туралы түсініктерін кеңейту;


        №3   жалпы орта білім беретін мектебінде "Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру" тақырыбында онкүндік жоспарына сәйкес 2024 жылдың 14 қазан күні 5-11 сынып арасында түрлі санаттағы  тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардан сауалнама алынды. Сауалнамада жалпы 5 сұрақ болды. 

Мақсаты: Мектеп асханасының жұмысы туралы білім алушылардың пікірлерін білу; 
 Дұрыс тамақтану сапасындағы  білім алушылардың  сауаттылық деңгейін білу; тамақтану ережелерімен танысу;
 
 


16 қазан күні. «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылған білім алушылардың ата-аналарына «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

    Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы әңгіме жүргізіп,күнделікті ас мәзірімен таныстыру, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен таныстыру. Ата-аналарға ұсынылған сауалнама арқылы  жалпы асхана қызметіне  көзқарасын анықтау.

     Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысына жауапты   әлеуметтік педагог А.Т.Алшабаева бірнеше   ата-аналармен бірлесіп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен таныстырды.

      Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» анкетасы арқылы мониторинг жасау үшін сауалнама таратылды. 

      Сауалнама  қазақ тілінде алынып, келген 5 ата-ана жауап берді. Нәтижесінде  ата-аналар тарапынан  асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы  баға беріліп, ата-аналар өз ұсыныстарын жаза кетті.

Соңынан ата-аналар аспазшыларға алғыстарын білдірді.

Қорыта келе, Дұрыс тамақтану –дегнсаулық кепілі демекші «Дұрыс тамақтануды насихаттау және тамақтану мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында он күндік  іс-шара – өз деңгейінде өтті. Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты- дұрыс тамақтану. Күнделікті тамақтануға ерекше көңіл бөліп, тамақ құрамының  құндылығына назар аударған жөн. Осы онкүндік іс-шараның негізінде  оқушылар Дұрыс тамақтану денсаулықтың және ұзақ өмір сүрудың басты факторы екеніне, адамның физикалық жағдайы, оның қалай және қандай көлемде тамақ жейтініне байланысты, дұрыс және тиімді тамақтану – денсаулық негізі екендігіне білім алушылар көздерін жеткізіп, күнделікті тамақ ішу ережесін қатаң бақылап, бірінші орынға денсаулықтарын  қойды.



Анықтаманы орындаған Әлеуметтік педагог А.Т.Алшабаева