«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орындалуы туралы » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орындалуы туралы
02
сентябрь
2024

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орындалуы туралы

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуіріндегі №158 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 10 – қосымшасы «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сай басшылыққа ала отырып, 2023-2024 оқу жылында   мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, жетім балаларға  ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, басқа отбасыларда тұратын балаларға  және білім беру ұйымының  алқалы  басқару   органы  айқындайтын білім алушылармен  тәрбиеленушілерге 2024 жылға бекітілген   бюджет көлемінде  тамақтандырумен қамтамасыз етілуі ұйымдастырылды.

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы  25 қаңтардағы  №64 қаулысына және 2015 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрықтың  10 қосымшасына сәйкес оқушылардың құжаттарын ата-аналардың өтініштері бойынша қабылдап, ыстық тамақ ішетін оқушылардың тізімі бекітіліп, бұйрығы шығарылды. 2024-2025 оқу жылында   мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы саны-7, ондағы бала саны-13  білім алушы болып тіркелсе,  білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылармен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары бойынша  жергілікті   Андас батыр ауылдық  округ  мамандарымен бірлескен комиссия мүшелерінің Акт негізінде 21 отбасының  әлеуметтік -тұрмыстық  жағдайларының  төмен екендіктері расталып, ондағы  бала саны   54 болып тіркелді. Жалпы  28 отбасынан 67 білім алушы мемлекет тарапынан   бір мезгіл тегін ыстық  тамақпен қамтылуға ұсынылды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығының 77 бөлімінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды білім беру ұйымдарында тегін тамақпен, барлық  бастауыш сынып  оқушылары   қамтылатындығы туралы айтылған.   Осы жарлықтың негізінде биылғы оқу жылында  1-4   бастауыш сынып  білім алушылары мемлекет тарапынан  бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіндігі расталып, мектеп асханасынан 116 оқушы тамақтанады. Жалпы алғанда 183 білім алушы мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр