Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Тамақтану

Автор: admin от 19-02-2019, 03:59, посмотрело: 161

1

Тамақтану

 

 

 

 

 

Категория: Тамақтандыру

 

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

Автор: admin от 6-02-2019, 03:28, посмотрело: 201

1
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу  жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

Мектепте білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығымен бекітіліп, 2017 жылғы 22 ақпандағы №76 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына» сай жүргізілуде.
Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген, асхана қажетті құрылғылармен жабдықталған. Асхана бұрышында оқушылардың тамақ ішу кестесі, комиссия мүшелері тарапынан кезекшілік кестесі ілінген.
Санитариялық қағидалардың 111- тармағында « Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі...»-деген талап бойынша күнделікті ас мәзірі басшының қолы және мөрімен бекітіліп ілінген. Аталған қағидалардың 116-тармағында«С» витаминімен витаминдеуді журналға енгізе отырып,"С" витаминінің тәуліктік нормасы есебінен мектеп жасындағы балалар үшін –70мг мөлшерінде беріледі.
Жалпы асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі санитарлық талапқа сай. Асхана ыдыстармен толық қамтылған, ыдыс жуатын бөлме таза, әр ыдыс орынды қойылған, ыдыстардың беті жабық тұрады. Тамақтың дайындалуы асхананың режиміне сай.

 

 

 


 

 

 


 


 

 


 


 

 


 

 


Категория: Тамақтандыру

 

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

Автор: admin от 15-01-2019, 00:24, посмотрело: 452

0
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу  жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат

Мерзімі: қаңтар 2019 жыл

          Мектепте 2018-2019 оқу жылының екінші тоқсанын -351 оқушы аяқтады. Жалпы ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны- 347 оқушы . Оның ішінде ата-ана есебінен тамақтанатын балалар саны-326 оқушы. Сондай –ақ әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы төмен , мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 19 оқушы және педагогикалық .кеңес отырысының шешімімен жартылай жетім, көп балалы отбасынан -2 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Қазіргі таңда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №717 бұйрығымен бекітіліп, 2017 жылғы 22 ақпандағы №76 бұйрығымен өзгерістер енгізілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына» сай жүргізілуде.
Асхана санитарлық нормаға сай, қазіргі заманғы дизайнмен жабдықталған «Дұрыс тамақтану» бұрышы безендірілген, қажетті құрылғылармен жабдықталған.
Сондай - ақ мектеп асханасындағы азық- түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын бақылауына бракераж комиссия мүшелері құрылған. Бракераж комиссия мүшелері азық-түліктердің сапасын тексеріп қабылдайды және тамақтың сапасын, санитарлық талаптарға сай болуын қадағалайды. Тексеріс барысында анықталғаны асханадағы азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификатары бар.
Аспазшы дайындалған тағамның тәуліктік сынамасын алып отырады. Комисия мүшелері тарапынан мектепке жеткізілген азық – түліктердің сапасы , тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі тексеріліп, қолданысқа беріліп отырады. Тез бұзылатын тамақ өнімдері ет, сүт, айран және т.б. тағамдарды мектеп асханасындағы сақтау температурасы төмен тоңазытқышта сақтайды. Тоңазытқыштың іші таза санитарлық-гигиеналық талапқа сай , ішінде температураны бақылауға арналған термометр орнатылған. Көкөніс өнімдері асханадағы қойма бөлмесіндегі арнайы жасалған сөрелерде, бөлек қораптарда сақталады. Мектепте арнайы ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың саны қадағаланып, тіркеу журналына белгіленіп отырады. Асханадағы дайындалатын кунделікті тағам мемлекет тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушылар санына қарай кунделікті даярланады. Мектеп медбикесі асхананың , санитарлық –гигиеналық талаптарға сай болуын, күнделікті мектеп оқушыларына берілетін ыстық тағамға органалептикалық бағалау жүргізіп, бракераж журналына тіркеп отырады . Асханадағы тамақтанатын залда мектеп басшысымен бекітілген ас мәзірі ілініп тұрады. Онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Осы ас мәзірі бойынша тағамның дайындалуын, шикі тағамдардың жарамдылығын және тиым салынған тағамдардың дайындалмауын күнделікті қадағалап отырады. Мектеп медбикесі балаларға күнделікті «С» витаминін әр балаға 70 мг мөлшерде беріп, "С-витаминдеу" журналына енгізіп отырады.
Дайындалатын тағамдар меню рецептураларына сәйкес жасалып отырады. Асханада тағамдардың дайындалу тәсілі, тамақтың сапасы, құнарлығын комиссия мүшелері күнделікті қадағалап тексереді. Сондай –ақ ыстық тамақтың талапқа сай дайындалуын қадағалап отырады. Таза су асхананың ішіне орнатылған. Ыдыстар 10 литр көлемдегі 3 арнайы ыдыста жуылып, шайылып кептіріледі. Асханада қайнаған су эмальды ыдыста қолданыста тұрады. Қолданыста жүрген ыдыстар 0,015% хлор ерітіндісімен залалсыздандырылады. Асханада қол жуатын қолжуғыш , сабын,қол сүртетін қолсүлгі үнемі қолданыста тұрады. Асхананың іші таза, жарық, санитарлық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Технологиялық және тазалықты сақтау құралдарымен жабдықталған.

 

 


Категория: Тамақтандыру

 

Ыстық тамақ

Автор: admin от 19-11-2018, 04:02, посмотрело: 356

1
Мектептегі білім алушыларды  бір мезгіл ыстық тамақпен қамту жағдайы туралы .
Қазіргі таңда өскелең ұрпақтың,яғни жасөспірімдердің денсаулығының мықты болуы кез келген қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны баршаға аян.Ал денсаулық көбіне әрбір адамның ұстанатын өмір қағидасымен тамақтанатын асына тікелей байланысты. Сол себепті мектеп оқушылардың тамақтану мәселесіне айрықша мән беріп,оның дұрыс жолға қойылуын қадағалауда ұстауымыз керек.
2018-2019 оқу жылында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде 19 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оқушылардың барлығы толық мектептен бір мезгіл ыстық тамақ ішуде.
Сонымен қатар мектептегі ата ана тарапынан ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны-322.
Мектепте мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштің қабылдануы туралы хабарлама-есепті тіркеу журналы жүргізілген.Биылғы оқу жылында асханада «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылып, ыстық тамақтың сапасы тексеріліп отырылады. Асхана жұмысының дұрыс ұйымдастырылуын, тамақтың сапасын тексеру үшін жұмысшы (брокераж) тобы құрылып, күн сайын рейдтер жүргізіледі.
Айына бір рет ата-аналарға арналған ашық есік күндері өтеді. Мектеп асханасының санитарлық-гигиеналық жағдайы күнделікті қадағаланып, оқушыларға берілетін тамақтың сапасы тексеріліп тұрады.


    

 


 

 

Категория: Тамақтандыру