Сыңғырла, соңғы қоңырау! » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 5-47-94
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Сыңғырла, соңғы қоңырау!
01
June
2023

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Сыңғырла, соңғы қоңырау!🔔🔔🔔
 
 🔰№3жалпы орта білім беретін мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 2022-2023  оқу жылының 1 маусым  күні «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесімен тұспа тұс келген «Сыңғырла,соңғы қоңырау!» тақырыбында оқу жылын қорытындылау салтанатты жиын сағат 9.00-де басталды. 
 🔔 Салтанатты жиын мектебіміздің биші қыздарының орындауында «Қазақ» биімен ашылып,Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туына сап түзеліп Гимн орындалды. 
 🔔Салтанатты жиынға қатысқан қонақтар: City Akimatнің тұрғын houseкоммуналдық мекемесінің бас инспекторы Жетпісбаев Р.Ж. Аудан білім бөлімінің әдіскері мектебіміздің кураторы Қасымова Мағрипа Жармұхамедқызы, және«Андас батыр»ауылдық округінің бас маманы Балғаев Даурен Қайратұлы.
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры  А.Н.Темирбековаға берілді.Келген қонақтарды, ата-аналарды, мектеп бітіруші  жас түлектерді бүгінгі мерекелерімен шын жүрегінен құттықтады!Бұл мерекені оқушы, мұғалім және ата-аналардың 11 жыл бойғы білім жолындағы атқарған еңбектерінің ортақ жемісі деп білеміз. Құрметті түлектер! Қадам басып отырған жаңа өмір жолында Сіздерге бәсекеге қабілетті білім, креативті көзқарас, шығармашыл ой-өріс өмірлік серіктеріңіз болсын. Алған білімдеріңіз бен барлық күш-жігерлеріңізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыруға, одан әрі нығайтуға жұмсайды деп сенемін. Биыл мектебімізді жалпы 385(м/а даярлық сыныбын қоса алғанда) оқушы аяқтады. Мектеп бітірушілер саны-27.«Best аттестатқа» үміткерлердің жалпы саны -3оқушы.Баршаңызға сәт сапар, ақ жол тілеймін!деп өз сөзін тәмәмдады.
биші қыздары мен әнші жігіттері өздерінің шашу билерімен  әдемі ырғақтарымен  ата-аналардың  ыстық ықыласына бөледі. 
  Салтанатты жиынға қатысқан әр бір ата-ана, оқушылар, қонақтар жақсы көңіл күймен тарқады.