Қайырымдылық -адамгершілік белгісі » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
" №3 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қайырымдылық -адамгершілік белгісі
04
февраль
2019

Қайырымдылық -адамгершілік белгісі

Қамқорлық акциясының жоспарына сәйкес үйден оқытылатын мүгедек балаларға қолдау көрсету мақсатында
 «Қайырымдылық- адамгершілік белгісі» тақырыбында өткен іс-шара туралы
А Н Ы Қ Т А М А
          №3 жалпы білім беретін мектебінде 10 қаңтар- 10 ақпан аралығында республиканың барлық аймақтарында өтіп жатқан «Қамқорлық» акциясы өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты-тұрмысы төмен отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсету, киім кемшек, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, әлеуметтік себептермен сабаққа қатыспай жүрген оқушыларды анықтау, қол ұшын беру. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көрерсің» дегендей №3 жалпы білім беретін мектебінің директоры Елеу Саурбаев, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Альмейзова, мектеп психологы Раушан Қосуақова, әлеуметтік педагог Алия Алшабаева, акцияны ұйымдастырып және ұстаздар қауымы жұмыла атсалысып, игі шараға қолдау көрсетті. Акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылды. Ауылдағы кәсіпкерлерге үндеу хаттар таратылды. Акция аясында «Талпынған жетер мұратқа» тақырыбында оқушыларға бақытты балалық шақты бейнелейтін суреттер салғызылды. Мектеп психологы Р.Қосуақова аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды татулыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында «Біз бақытты баламыз» атты тренинг өткізілді. Демеушілерді, кәсіпкерлерді тарта отырып, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға, Мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын мүгедек балаларға «Қайырымдылық- адамгершілік белгісі» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Қамқоршылық акциясы негізінде демеушілер кәсіпкерлер тарапынан оқушыларға қыстық киімдермен, оқу құралдары табыс етілді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей жақсылық жасап, болашағымыз оқушылардың жанын жадыратуға себепші болған ұстаздарға, кәсіпкерлер алғысымызды білдіреміз. Осындай жақсы істер мектебімізде әлі де жалғасын таба береді. Үлкен жүректі, мейірімді жандарға айтар алғысымыз шексіз
Қайырымдылық -адамгершілік белгісі