№3 ЖОББМ коммуналдық мекемесінде "PISA халықаралық зерттеуі" өтті.
Қазіргі таңда заман талабына сай кез келген мектеп оқушылары XXI ғасыр дағдыларын меңгерген, өз бетінше өмір сүруге дайын болуы тиіс. PISA–15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық , креативті ойлау деңгейін бағалауға арналған халықаралық зерттеу орталығы.
Зерттеудің мақсаты: міндетті жалпы білім алған оқушылардың қоғамда толыққанды жұмыс істеу үшін қажетті білімі мен дағдыларын (функционалдық сауаттылығын) бағалау болып табылады.
Бұл зерттеу Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) жүзеге асырылады. PISA зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі. 2021-2022 оқу жылында 28 сәуір күні Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №3 ЖОББМ коммуналдық мекемесінде PISA зерттеуі өткізілді. Мектептің 31 білім алушылары халықаралық зерттеуге қатыстырылды.
Мектеп алаңы мерекелік күнге орай безендірілген. Зерттеуге қатыстырылатын оқушылар мен келген қонақтардың, мектеп ұжымының көңіл –күйлері мерекелік іс-шараға сай көтеріңкі. PISA-халықаралық зерттеуінің ашылу салтанаты « Жібек жолы » би ансамблінің биші қыздардың әсем биімен басталып, №3ЖОББМ-нің 8 «Ә» сынып оқушысы Тұрлыхан Нұрайдың «Мен қазақтың қызымын» әніне ұласты. Зерттеуге Қазақстан Респуликасының Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық талдау орталығының бас талдаушысы, ұлттық үйлестіруші Баймаханбетов Мұхит Абилқасымұлы , облыстық әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі Жамалбекова Шафиға Мамырханқызы және аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі қатыстырылды. Келген қонақтар зерттеуге қатысушыларды мерекелік күнмен құтықтай отырып, білім алушыларға сәттілік тіледі.
Зерттеу талаптарына сай зерттеуге қатысушы білім алушылар арнайы әзірленген оқу кабинеттеріне ережеге сай сағат 8:00- жайғастырылды. Оқу кабинеттері зерттеуге қатысушы білім алушыларға арнайы жеке ноутбуктермен және қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Зерттеу барысында қатысушыларға барлық жағдай жасалынған, оқу кабинеттері мен дәліздерге қатаң кезекшілік ұйымдастырылып, тыныштық сақталды.
Зерттеу жұмысы сағат 1 сағат 30 минутқа жалғасты. Зерттеу жұмысының қорытынды кезеңінде Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы Алтынбаева Айгерім Аханқызы зерттеуге қатысқан білім алушыларға арнайы сертификаттарын марапатпен ұсынды.
«Адамның ұлылығы – оның ойлай білу қабілетінде» (Блез Паскаль), – дегендей болашақ жас ұрпағымыз терең ойлап, шынайы өмірдің мәтіндік категориялары негізінде тұлғалық, қоғамдық, кәсіби және ғылыми түрде ғылым туралы объективті шындыққа ұмтылатын риясыз ілім алып өз еліне еңбек етері анық.
![](/uploads/posts/2022-04/medium/1651206531_whatsapp-image-2022-04-29-at-10_01_13-2.jpeg)
![](/uploads/posts/2022-04/medium/1651206459_whatsapp-image-2022-04-29-at-10_01_13-1.jpeg)
![](/uploads/posts/2022-04/medium/1651206507_whatsapp-image-2022-04-29-at-10_01_13.jpeg)
![](/uploads/posts/2022-04/medium/1651206528_whatsapp-image-2022-04-29-at-10_01_12-2.jpeg)
![](/uploads/posts/2022-04/medium/1651206546_whatsapp-image-2022-04-29-at-10_01_12-1.jpeg)
![](/uploads/posts/2022-04/medium/1651206507_whatsapp-image-2022-04-29-at-10_01_12.jpeg)