🔰PISA халықаралық зерттеуіне дайындық » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 🔰PISA халықаралық зерттеуіне дайындық
01
апрель
2022

🔰PISA халықаралық зерттеуіне дайындық

    • PISA - халықаралық зерттеуі 04.04-06.05 аралығында өтіп, еліміздің білім беру ұйымдарының 15 жастағы оқушыларының математика, жаратылыстану, креативті ойлау және оқу сауатттылығынан игерген білім жетістіктері бағаланады.
      Меркі ауданынан "PISA -2022" жылғы халықаралық зерттеуіне №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 31 білім алушысы қатысады.
      Меркі ауданы білім бөлімі "PISA – 2022" халықаралық зерттеуі қарсаңында пән мұғалімдеріне 4 бағыт бойынша оқушылардың функционалды сауаттылығы шеңберінде әдістемелік көмектер көрсетілуде.
      «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша "Кәсіби даму институты" бекіткен жоспарына сәйкес ауданымызда жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән мұғалімдері арасында «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «4К» моделін дамытудың білім беру технологиясы» тақырыбында 80 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтуде, осыған орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша "Кәсіби даму институты" директоры С.Құрманбекова мен Облыстық білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Л.Утеулиева № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында PISA - халықаралық зерттеуіне дайындық барысымен танысып, әдістемелік көмек көрсетті.