Халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLAINE" Республикалық кең ауқымды балалар акциясы » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLAINE" Республикалық кең ауқымды балалар акциясы
30
январь
2020

Халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLAINE" Республикалық кең ауқымды балалар акциясы

№ 3 жалпы білім беретін мектебінде «Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLAINE (оффлайн)» Республикалық кең ауқымды балалар акциясының өткізу туралы мәлімет

Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігің білім басқармасының 2020 жылғы 5 қаңтардағы №02-22 хатына сәйкес 2020 жылғы 26 қаңтар күні Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLAINE (оффлайн)» Республикалық кең ауқымды балалар акциясы ата-аналардың қатысуымен өткізілді. Акцияның мақсаты интернетке тәуелділіктің алдын-алу, кәмелетке толмағандардың интернет- белсенділігін бақылауға қатысты интернет қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапгершілігін, интернет пайдалану мәдениетін арттыру болып табылады. Акцияны өткізу жоспары жасалынып, 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттар барысында оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны мен пайдасы туралы түсінік берілді. 1-4 сынып оқушылар арасында «Мен интернетсіз күнімді қалай өткіздім?» сурет байқауын көркем еңбек  пән мұғалімдері А.Алишаева  мен Б.Әділбекова өткізді.  Сурет байқауының мақсатына сай интернетсіз күнді қалай өткізуге болатындығын балалар суреттерінде бейнеледі. Сурет байқауында жүлделі орындар белгіленіп, марапатталды. 

      5-11 сынып оқушылары арасында «Мен OFFLAINE (оффлайн)»  тақырыбында эссе байқауы өтті .Эссе байқауының ережесі құрылып, әр сыныптан оқушылар қатысты.   Нәтижесінде шығармашылық қабілеттерін дамытуға болатындығына көз жеткізді.