Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы атқарылған іс-шаралар » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы атқарылған іс-шаралар
15
март
2019

Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы атқарылған іс-шаралар

Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы атқарылған іс-шаралар
Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №3жббм коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №12 бұйрығына сәйкес 04.02.2019ж.Балаларды толеранттылыққа тәрбиелеу және әр түрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерделеу арқылы рухани адамгершілігін дамыту;
Жалпы тарих,қазақтардың және барлық этностардың бір-біріне және қазақтарға алғысының, қайырымдылық, достық пен махаббаттың негізінде көпұлтты қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.Балаларды толеранттылыққа тәрбиелеу және әр түрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерделеу арқылы рухани адамгершілігін дамыту мақсатында төмендегідей іс-шаралар жоспары жасалынып,мектеп директорымен бекітілді.
25.01-01.03 аралығында мектебіміздің әлеуметтік педагогы А.Алшабаева мен мектеп психологі Р. Қосуақованың ұйымдастыруымен ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған балалары қолдауға бағытталған «Мейірімді жүрек-жылы тілек »атты қайырымдылық акцияны өз деңгейінде өткізді.Атап айтсам,Акцияның негізгі мақсаты-тұрмысы төмен отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсету, киім-кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз ету,әлеуметтік себептермен сабаққа қатыспай жүрген оқушыларды анықтау,қол ұшын беру. Оқу жылы басында зерттеу сараптамасы кезінде мектебімізде көп балалы отбасынан-39, аз қамтылған отбасынан -21, жартылай жетім отбасынан -18, үйден оқытылатын-4 бала анықталған. Акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылды. Ауылдағы кәсіпкерлерге үндеу хаттар таратылды. Құрылған жоспар бойынша аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз және жетім, жартылай жетім отбасыларының үйлерін аралап, қажеттіліктері анықталды.«Мейірімді жүрек-жылы тілек» атты акция барысында мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын оқушыларға және аз қамтылған, жартылай жетім отбасы балаларына және олардың ата-аналарына «Қамқорлық» акциясының қамқорлығына бөленген оқушылардың ата-аналары бірге келіп ,балаларымен концертті бірге тамашалап, ризашылықтарын білдірді.
Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы  атқарылған  іс-шаралар

Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы  атқарылған  іс-шаралар
Акция аясында мектеп психологы Р.Қосуақова аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды татулыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу мақсатында «Біз бақытты баламыз» атты тренинг өткізді.
Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы  атқарылған  іс-шараларАлғыс күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» тақырыбындағы  атқарылған  іс-шаралар
Жоспарға сай «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» тақырыбында асар ұйымдастырылды. Асар – көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Қазақтар шөп шабу, егін жинау науқандарына, сондай-ақ үй салу сияқты ауыр жұмысқа Асар жасаған. Асар халықтың қайырымдылығы мен ұйымшылдығын танытады.Сол сияқты ауылмызда жалғыз басты қарттардың үйлерін аралап, көмек қолын создық.Осы акциядан түскен қаражатқа аз қамтылған, көпбалалы, жартылай жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке қажетті құралдары алынып берілді. Сонымен қатар шұғыл көмекті қажет ететін отбасы балаларына көмек көрсетілді «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей жақсылық жасап, болашағымыз оқушылардың жанын жадыратуға себепші болған ұстаздарға, кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз. Осындай жақсы істер мектебімізде әлі де жалғасын таба береді. Үлкен жүректі, мейірімді жандарға айтар алғысымыз шексіз