кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ
01
март
2019

кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ

№ 3 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологі ақпан айында өткен «Ақпан айы жалпы білім ұйымдарында психологиялық кеңес беру» айлығының Анықтамасы.
Ақпан айында «Психологиялық- кеңес беру» жоспары құрылып, бекітілді. Жоспарға сай өз уақытында жұмыстар орындалып, өткізілді.
 
Қорытынды:
«Ақпан айы- жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық кеңес беру айлығы» бұйрық шығарылып, жоспары да құрылды. Жоспарға сай мектеп психологі , сынып жетекшілер және пән мұғалімдерімен әлеуметтік педагог, тәлімгер өздеріне бекітілген іс-шараны толықтай орындап шықты.
Кеңес беру айлығы 3- 11 сыныптар аралығында флешмоб ұйымдастырылды.
кЕҢЕС БЕРУ АЙЛЫҒЫ


Мектепте ерекше күту жағдайын талап ететін девиантты , агрессиялы, аутодеструктивті мінез-құлықты қажет ететін балаларды анықтау мақсатында «Айзенк темпераментті анықтау» сауалнамасы алынып, нәтижесінде оқушылардың мінез-құлықтарының қалыпты екендігі көрсетілді.

Сондай-ақ оқушылар өздерінің  ақ армандарымен  бөлісіп,  бірнеше номинациямен марапатталды.

 


 


Сонымен қатар, «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді. Тренинг барысында оқушылар өздерінің өмірге құлшыныстарын, өмірді қастерлеп, аялау керек екендігін айтып өтуге де болады.
«Баршаға бақыт тілейміз!» атты жоспар бойынша акция ұйымдастырылып, жүргізілді. Акция барысында «Ойын» шеңбері кезінде ата-аналар балаларына деген сүйіспеншіліктерін ақ параққа гүл салып, балаларына деген ыстық ықыластарын, алдағы өмірде үлкен үміт күтетіндіктерін де жасырмады. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың тығыз болу керек деген мақсатпен ата-аналарға видео роликте көрсетілді.

«Отбасы алтын діңгегім» тақырыбында эссе 6-8 сынып аралығы және «Мен өз отбасыммен бақыттымын» тақырыбында 2-5 сынып аралығында эсселер жазылып, нәтижесінде 8 «А» сынып оқушысы Мырзахан Меруерт «Ең үздік ессе» номинациясымен және 2 «А» сынып оқушысы Мұратбек Иманғали «Ең жас шығармашы» номинациясымен марапатталды.

«Ашу дұшпан, ақыл дос» тақырыбында 8-9 сынып, «Жақсы көңіл-күйге шақырамыз» атты тренинг 10-11 сынып оқушыларымен тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты: «Ашу», «ақыл» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау және жақсылыққа үнемі дайын болуларын,
Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету;
Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызу;
Өмірге құштарлықтарын арттыру.Тренинг барысында қушыларға мінез туралы ақпарат беру кезінде өзара қарым-қатынастарын қағаз бетіне түсіріп, бір-бірінің мінездерін ашық жазып, өздеріне естелікке қалдырды.


«Ақ қанат арманым!» тақырыбында 5-6 сынып аралығында байқау жүргізілді. Мақсаты: балалар мен жасөспірімдерді патриоттық тақырыптағы ән мен биге, жыр мен шығармаға баулу; сонымен қатар балалардың ақ қанат арманын асқақтату.
5-6 сынып аралығы 7 сыныпты құрады, сынып ішінен екі номерден орындады, соның ішінде 5 «Б» сынып оқушысы Кеңесбек Арай «Анаға сағыныш» тақырыбында манолог оқып, байқауда «Ең көркем сөз шебері» номинациясымен марапатталды.

Сонымен қатар «Жетім бала арманы » көрінісімен «Ең шебер актерлар» номинациясымен марапатталды.

Сондай-ақ оқушылар өздерінің  ақ армандарымен  бөлісіп,  бірнеше номинациямен марапатталды.


 



 

 

 



 «Біз бақытты жанбыз!» 6-11 сынып оқушылары арасында жоспарға сай, апталықта аталып өтті. Сыныптар өздерінің жеке  суреттерін колладжға суреттеп көрсетіп, ерекше қиялмен ерекшеленген 8 «А» сынып оқушылары белсінді қатысқаны үшін марапатталды.


 


 

 



 

 

«Отбасы – бақыт мекені» атты психологиялық жарыс ұйымдастырылып,  еңбек және сурет пәнінің мұғалімдері  сурет байқауын 2-4  сыныптар арасында сурет салу жарысын өткізді. Нәтижесінде  2 «А» сынып оқушысы Асимбек Сания   өзінің ерекше салынған суретімен  «Ең жас суретші» номинациясымен марапатталды. 


 


 


 

«Мен талантты жанмын»  тақырыбында мектеп тәлімгері мен  психологтың ұйымдастыруымен байқау өткізілді. Оқушыларға адамдардың мінез-құлықтары және темперамент типтер холерик, меланхолик, сангвиник, флегматиктер туралы оқушыларға мәліметтер айтылды. Сонымен қатар өз плакаттарын ортаға ұсынып әр сынып көрсетіп өтті. Ақпан айында өткен фестиваль кеңес беру айлығына белсене қатысқан оқушылар. Ең танымал оқушы  10 «А» сынып оқушысы Бейсенбекова Аделя ең көп қолдау жинады. Ең мейірімді оқушы Бимұрат Балым және ең белсенді оқушы 11 «А» сыныбында Жарылқасын Ғазиза марапатталды. Фестиваль аяғында көңілді би және әндермен аяқталды.


 

 


Ақпан айлығында «Мейірімді жүрек-жылы тілек!» апталығы да ұйымдастырылып, өткізілді. Апталық барысында «Ең   » акциясы, «Отбасы – бақыт мекені» сурет байқауы және «Бақытты жанбыз» сынып фотоколлаждары  сонымен қатар «Мейірімді жүрек-жылы тілек!» апталығын қорытындылау , «Біздің мектепте не болғанын қалайсың?» кері байланыс пікірлерімен аяқталды.