Хабарландыру !
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық округі , Қызыл қыстақ ауылы, Қарпық батыр көшесі №36 мекен
жайда орналасқан почта индексі 080518 тел 5-47-94 электронды адрес
skool3merke@yandex.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Меркі ауданы, Андас батыр ауылдық округі , Қызыл қыстақ ауылы, Қарпық батыр көшесі №36 мекен жайда орналасқан почта индексі 080518 телефон 5-47-94 электронды адрес skool3merke@yandex.kzkz
1 сәуір 2023 жыл 1 сыныпқа оқушы қабылдайтындығын хабарлайды
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметті көрсету стандарты сәйкес:
Жұмыс кестесі | 1) көрсетілетін қызметті беруші - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. 2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; 2) www.egov.kz порталында орналасқан. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі | - порталға: 1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш; 2) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген); 3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi. - көрсетілетін қызметті берушіге: 1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
2) жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама ("Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген № 026/у-3 нысан;
4) баланың 2 данада 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi.
Шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады: 1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; 2) азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі; 3) босқын – босқын куәлігі; 4) пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі; 5) қандас – қандас куәлігі. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі, мекенжай анықтамасы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда № 065/у и 026/у-3 нысандағы медициналық анықтамаларды көрсетілетін қызметті алушылар осы аумақта шектеу іс-шараларын алып тастауға, төтенше жағдайдың қолданысын тоқтатуға қарай тікелей білім беру ұйымдарына ұсынады
|