«Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық» тақырыбындағы өткізілген тренинг туралы
№3 Жалпы орта білім беретін мектебі
«Ата-ана мен бала арасындағы ықпалдастық» тақырыбындағы өткізілген тренинг туралы
АНЫҚТАМА
Мерзімі: 17.01.2024ж
Мақсаты: Ата- аналардың бала тәрбиесіндегі олардың психологиялық- педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру, әр баланың мектепте, мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында , алуан түрлі бірлескен іс — шаралар барысында оқушы , ұстаз, ата- ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру.
Қатысқандар: 6-11 сынып ата-аналары
Жауапты әлеуметтік педагог:Алшабаева А.Т
Барысы: Ой санасы дамыған адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты, мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де , ата- ананы да әрқашан толғандырып келеді. Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата –ана. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алып өседі. Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады. Мектеп, мұғалім және ата-ана орны бөлек, себебі бала бір жақты тәрбие алу мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.
Осы тұрғыда мектебімізде, оқушы , ұстаз, ата- ана ынтымақтастығы жүйелі түрде жұмыс жасайды.
Қорыта келе, «Ата-ана – бала» жұбындағы кез келген қарым-қатынас түрінің тәрбиелік маңызы бар. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады. Ата-аналар өз пікір, ойларын түйіндеп, ұсыныстарын кері байланыс парақшаларына жазып қалдырды.
Анықтаманы дайындаған: Әлеуметтік педагог Алшабаева А.Т