09
июнь
2022
Күлкі күніне арналған іс-шара өткізілді.
"Күншуақ"сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мұғалімдер А.Алишаева, Ф.Ақпанбетова, А.Пуштаевалардың ұйымдастыруымен Күлкі күніне арналған іс-шара өткізілді. Мақсаты: Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Ептілікке , шапшаңдыққа ,мейірімділік пен достыққа тәрбиелеу.
Әдемі безендірілген залда мерекелік киімдер киген балалар, сайқымазақтар,ертегі кейіпкерлері би билеп, өнерлерін көрсетті.Балалар әр кезең бойынша күлкі туралы өлең шумақтарын, әзілдер мен анекдоттар айтып, "Алдар көсе мен бай" қойылымын қойып, "Көңілді сайқымазақтар" биін биледі.Түрлі ойындарға белсене қатысты. Күлкі күніне арналған іс -шараның соңында белсене қатысқан балалар алғыс хаттар, сыйлықтармен марапатталды.Бүгінгі күлкі күнінен балалар керемет әсер алды.

![](/uploads/posts/2022-06/1655642333_5.png)