21
октябрь
2022
№3ЖОББМ жанынан ашылған шағын орталықта 21қазан күні ата-аналар жиналысы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгерту бойынша жиналыс өткізілді.
№3ЖОББМ жанынан ашылған шағын орталықта 21қазан күні ата-аналар жиналысы мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгерту бойынша жиналыс өткізілді. Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға, балаларды тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін өзгертуге қатысты ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тәрбиелеу-білім беру процесінің нәтижелі болуы үшін ата-аналардың жауапкершілігі артты.Тәрбиелеу мен дамыту ерте балалық шақтан басталады, бұл ғылыми тұжырымдармен дәлелденген. Балаларды тәрбиелеуде отбасындағы жайлы жағдай, ата-аналардың моральдық қасиеттері зор маңызға ие. Сондықтан балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру керек екені ата -аналарға түсіндірме жүргізілді. Ата-аналармен жиналыс өткізу барысында қатысушылармен "Балабақша мен отбасы" атты тренинг, пікір-талас болып сауалнама алынып,"Тілек гүлі" жаттығуын бір—біріне ата—аналар тілек айтып жақсы көңіл күймен аяқталды.