№3 жалпы білім беретін мектебінің Ұлы Абайға – 175 жыл мерейтойына байланысты іс-шаралар өтілуі туралы анықтама
Мектебімізде оқу жылының басында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, мектеп директорымен бекілді.Мектептің дәлізінде көрнекі ақпарат құралдарын,ұран сөздер жазылған кермелер, стенділер және тақталар орнатылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, өзін-өзі тану пәндері арасында ақпан айында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...» тақырыбындағы онкүндік ұйымдастырылып, оқушылардың танымдықтарын кеңейте түсті. Онкүндіктің ашылуы салтанатты түрде бірлестік жетекшісі Үсенбаева Ж.Б. жүргізіп, қазақ әдебиетінің поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлғаның бірі де бірегейі Абай Құнанбаевқа зор құрмет көрсетілді. Дарынды оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, «Қарлығаш» ансамблінің орындауында Абай әндерін нақышына келтіре жырлай түсті.
Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр.Осыған байланысты
5-7 сынып оқушылары арасында «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Даниярова И.Н.өткізді. Ұлылықтың сырына қанық болып, даралықтың қандай болатынын ұғынып, дана Абай әлемін шарлатып, үлкен сезімге бөледі. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз аздай көрінді.
«Абай –қазақтың бас ақыны» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары арасында шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Абайдың ақындығын, даналығын, ойшылдығын, заман суреткері және аудармашы, сазгер екендігін жас буын жан-жақты барынша аша түскен. Шығарма жұмысын Пән мұғалімі Мөңкебаева Л.Қ. өткізді.
«Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес...»тақырыбында 5-10 сынып оқушылары арасында постер, қабырға газеттерін ұйымдастырып,білім алушылардың қызығушылықтарын,белсенділіктерін аттыра түсті.
Мектеп кітапханашысы Рақұлова Т.Қ. «Абай – ұлт білегі» тақырыбы аясында 8 сыныптың оқырмандары арасында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада оқушылар Абай өлеңдерінен үзінді оқып, ақынның өнегелі өмірімен танысып, рухани асыл- мұралары мен өлеңдерін, әндерін оқып, танымдық қасиеттерімен сусындады. Оқушылар Абайдың маржан сөздері мен өсиет сөздерінен өнеге алуға тырысты.
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз,-деп мектебімізде дана ақынымыздың рухани мұраларын ашуға алдағы күндері жалғасын таппақ.