Барлық білім беру мекемелерінде ата аналармен жиналыстар өткізілді. » СШ№3 Кызыл Кишлак
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
" №3 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 5-47-94
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Барлық білім беру мекемелерінде ата аналармен жиналыстар өткізілді.
24
май
2022

Барлық білім беру мекемелерінде ата аналармен жиналыстар өткізілді.

«Соңғы қоңырау» мерекесі 25 мамыр күні өткізілсе, <<Аттестат тапсыру>> рәсімі 15-17 маусым күндері өткізу жоспарлануда. Биылғы оқу жылының мектеп бітіру кештерін ұйымшылдықпен өткізу, бітірушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықты болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында барлық білім беру мекемелерінде ата аналармен жиналыстар өткізілді.
Облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес, оқу жылын аяқтау шараларын ұйымдастыруға және мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізуге оқушылар мен ата-аналардан, педагогтардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым салынған.Катаң түрде ескертетін жәйт, барлық мектеп директорларына: мектеп бітіру кештерін өткізу барысында бітірушілер мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдай жасалуын қамтамасыз ету қажет, бітіру кештерін міндетті түрде мектеп қабырғасында және ауласында өткізу, шараға бітірушілердің мектеп формасымен қатысуын және барынша қарапайым түрде өткізілуін қамтамасыз ету жуктеледі.
Сонымен қатар мектептен тыс жерлерде, уйлер мен ресторандарда, басқа да ойын-сауық орындарында мектеп бітіру кештерін өткізу және бітірушілердің автокөліктермен кортежге шығуына жол бермеу, бітірушілердің өмір қауiпсiздiгi мен құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу бағытында медициналық, өрт қызметтерi, iшкi iстер органдарымен бірлесіп шаралар қабылдау және мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру үшін ана-аналардан ақша жинамауды, ата-аналар тарапынан мектеп әкiмшiлiгi мен мұғалімдерге сыйлықтар берілуіне жол бермеуді және шараларды мектептің қолда бар мүмкіндігімен ұйымдастыру керектігі ескертіледі. Сондай-ақ, табиғат аясына серуендеуге, өзен, көлдерге, шағын су алаптарына суға түсуіне тыйым салу және төтенше жағдай бөлімдерімен бірлесіп кезекшілік ұйымдастыру, бітірушілер, ата-аналар және педагогтар арасында ақпараттық-түсiндiрме жұмыстарын қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлесіп белсенді түрде жүргізу тапсырылды!