
N3 жалпы орта білім беретін мектебінде 11.11.2022 ж күні Қатыгездік пен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"ақпараттық науқаны аясында баланы қорғау және оң тәрбие мәселелеріне баса назар аудара отырып "Құқық бұзушылықтың алдын алудағы ата-ана жауапкершілігі"тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.Ата-аналар жиналысына мектеп инспекторы Б.Дәуренбеков қатысып:ата-аналарға міндеттері көрсетілген заң баптарымен таныстырып, балаларын кешкі уақытта көшеге шығармауын және балалардың тәрбиесіне қатаң қарау туралы айтып өтті.Жамбыл облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының жадынамалары таратылып,балалар телефонына "Ата-аналық бақылау"бағдарламасын орнату туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.