17
март
2022
Жүлдең құтты болсын АЯЖАН!
Балалар жылына орай мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету мақсатында Республикалық "JULDYZAI" XVII Фестиваль-байқауының офлайн форматтағы аудандық кезеңі 2022 жылғы 17 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің "Оқушылар "Үміт сарайы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтті. №3ЖОББМ-нен 9А сынып оқушысы Сағынбекова Аяжан Батырбекқызы қатысып, дипломмен марапатталды.