Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды) комиссия туралы АҚПАРАТ
Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды комиссиясы) туралы ақпарат №5
2024 жылдың 12 қаңтар күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
- Ас блогында тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыстың таңбаланбауы ;
- Көкөніс цехында жабдықтар мен мүккәмалды таңбаланбаған ;
Мектеп асханасына тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу (бракеражды комиссиясы) қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардың орындалуы, мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану, олардың сақталу мерзімі, перстпективалық мәзірдің және күн сайынғы мәзірдің дайындалған астардың сәйкестігін тексеру, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі, келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамның сапасын бақылау мақсатында кезекті тексеру жүргізді. Тексеру нəтижесіндегі анықталған кемшіліктер ас блогында тамақ қалдықтарын жинауға арналған ыдыстың таңбаланбауы және көкөніс цехында жабдықтар мен мүккәмалды таңбаланбағаны расталды. Жалпы асхана таза, қызметкерлерлердің сыртқы киім үлгісі барлық санитарлық талапқа сай. Тағам ас мәзіріне сәйкес, әрі нормаға сай. Қайнаған су күніне 2 рет ауыстырылып, Шыны ыдыстар қолданылады. Тамақтың сапасы дәмді және тойымды. Білім алушылар тамақтанар алдында жеке гигиеналық шараларды сақтап отырады. Келген азық-түліктің сапасы мерзіміне қарап қабылданады. Тәуліктік сынамалар дұрыс сақталған, Сынамада тамақ атауы, күні, уақыты және медбикенің қолы қойылған. Бақылау порциясы яғни бір баланың тамағы өлшемі нормаға сай, беті жабысқақ пленкамен жабылған. Асхана мен ас блогындағы бейне бақылау камералары жұмыс жасап тұр. Асхана жұмысы қанағаттанарлық.